Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Барак Обама өзін әлсіз әрі жас бала секілді сезінетінін мойындады

“Әдетте мен мемлекет басшысы ретінде қалыпты физикалық жағдайдамын. Алайда, бір жауынгер шынтақ бұлшық етімен 100 фунт (45 келі) көтерсе, өзімді кішкене балаша сезінем”, – дейді Обама.

АҚШ президенті Барак Обама арнайы спорт залдарында теңіз жаяу әскерлерімен бірге шынығу кезінде өзін олардың жанында әлсіз әрі жас бала секілді сезінетінін мойындады.

Ол бұл жайында Канеохи штатындағы теңіз жаяу әскерлерімен кездесу кезінде айтты. Барак Обама әскери базаны рождестволық мереке күндері аралады. Америка президенті бұл  мерекені жыл сайын Гавайда өткізеді.

2014 жылы Обаманың Варшавадағы Marriott қонақүйінің залында шынығып жатқан сәтін әлдекімдер жасырын түрде видеоға түсіріпалған еді. Кейіннен видео әлеуметтік желілерге кең тарап, президенттің спорттық дайындықтары желі қолданушыларын таң қалдырған болатын.

Талқылау