Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Бар жан-жүрегімен қабылдады”: Тұрсынғали Алагөзов Баянның қыздарымен қарым-қатынасы жайлы

Жақында отандық арналардың біріне сұхбат берген Тұрсынғали Алагөзов өзінің туған ұлымен қарым-қатынасы қиындау екенін айтты. Есесіне қызы Әминамен арасы түзеліп келетінін жасырмады.

Бар жанымен қабылдады: Тұрсынғали Алагөзов Баянның қыздарымен қарым-қатынасы жайлы айтты

31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында Алагөзов Баянның қос қызымен қарым-қатынасы жайлы баяндады, деп жазады Stan.kz.

“Айару қазір 15 жаста. Екеуміз танысқан кезде ол 13-те болатын. Ол – өте жақсы адам, мейірімді, жұмсақ. Мені бар жүрегімен, жанымен қабылдады. Меніңше, анасы онымен бұл жайында сөйлескен. Ол өзінің өмірін сүруде, оқушының өмірін. Біз бөлек тұрамыз. Бір-бірімізді көрген кездерде құрметтейміз, жақсы көреміз.

Үлкен қызымен де қарым-қатынасымыз керемет. Қазір ол тұрмысқа дайындалып жатыр. Барлықтарыңыз білетіндей, наурыз айында. Үлкен қызымен бизнес жайлы әңгімелесемін. Мен тәжірибеммен бөлісемін, оған қызық. Сондықтан арамыз өте жақсы”, – дейді Алагөзов.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау