Бапкерінен қорыққан таэквондошы аяғын жарақаттап алса да, жеңіске жетті

Дүйсенбі, 16 Қазан , 2017 18:30

Тұңғыш рет Ақтөбеде ұшқыш-космонавт Юрий Лончаковтың жүлдесіне арналған таеквондодан республикалық турнир өтті.

Бұл туралы Aktobenews.kz жазады.

Аталған жарыс республикалық деп аталғанымен, Ресей, Украина, Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Қырғыстанның спортшылары да додаға қатысуға тілек білдірді. Барлығы 200-ге жуық таеквондошы бір алаңға жиналды.

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев ресми түрде жарысты ашық деп жариялады. Содан кейін ұшқыш-ғарышкер Юрий Лончаков телефон арқылы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен турнирді өткізуге атсалысқан барша ақтөбеліктерге алғысын білдірді.

Ресми ашылу салтанаты өткен соң ақтөбеліктер бірден жоғары нәтижеге қол жеткізді. Сол аяғын жарақаттап алған Үсен Әліби қажырлық танытты. Ол алғашқы жекпе-жекте қарсыластың тізесіне аяғын соғып, сіңірін созып алды. Ақсаңдап қалған ақтөбелік таеквондошы ешкімге дес бермей, жеңімпаз атанды.

«Жеңіске жету өте қиын болды. Бірінші жекпе-жекте алматылық спортшымен кездестім. Оны 8:5 ұпайымен ұттым. Екінші шайқаста Атыраудың баласымен алаңға шықтым. Оны мерзімнен бұрын 40:13 ұпайымен тізе бүктірдім. Ақырғы мәреде бірге жаттығып жүрген ақтөбелікті 30:10 есебімен жеңдім», — деді 15 жастағы Үсен Әліби.

Болашақта олимпиада чемпионы болғысы келетін Үсен Әлібидің айтуынша, ол бапкерлерінен қорқады екен. Сондықтан ол ақсап қалса да, жеңілмеуге тырысқан.

Тағы да оқыңыз:

Криштиану Роналду екі метр қашықтықтан бос қақпаға гол сала алмады

«Канело» Головкинмен реванш өткізуге қатысты пікір білдірді

Үш әйелден он бала тәрбиелеп отырған Ыбрайымов отбасын құруда жастарға өз ақылын айтты

Спорт жанашырлары әлем чемпионатының күміс жүлдегеріне көлік мінгізді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар