Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бапкері Дмитрий Баландиннің жеңісін таңғажайып оқиғаға теңеді

Жүзуден Қазақстан құрамасының бапкері Айдар Қартпаев қазақстандық Дмитрий Баландиннің жеңісін таңғажайып оқиғаға теңеді. Сондай-ақ, ол мықты қарсыластарды тасада қалдырудың және алтынға қол жеткізудің сырымен бөлісті.
дима1

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлады.

Қартпаевтың айтуынша, Баландиннің жеңісі – Қазақстанның тарихында алтын әріптермен таңбаланатын және әлемдік жүзу спортында есте қалатын ерекше оқиға.

«Сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын! Әлі де өз-өзімізге келе алар емеспіз. Дайындық барысында үміттендік, сендік. Ал енді Олимпиада алтынына қол жеткізгенімізге сене алар емеспіз. Үлкен тебіреністеміз», – дейді Қартпаев.

Бапкердің айтуынша, жоғары нәтижеге Мәдениет және спорт министрлігінің және Туризм және спорт индустрияны қолдау бойынша корпоративті қордың қолдауы септігін тигізді.

«Ғылыми құрама тобын құрып, судың астында бәрін көруге мүмкіндік беретін жаңа жабдықтар сатып алдық. Соның арқасында үздік нәтижеге қол жеткіздік», – деп пікірін білдірді Қартпаев.

Одан бөлек жаттықтырушы спортшының және бапкерлер құрамының кәсібилігін, сондай-ақ, Мәдениет және спорт вице-министрі Тастанбек Есентаевтың өлшеусіз еңбегін атап өтті. Вице-министрдің арқасында бапкерлер құрамына словениялық кеңесші-бапкер жұмылдырылған болатын. Қартпаевтың пікірінше, Баландиннің жеңісінен кейін елімізде жүзу спортына деген қызығушылық арта түседі.

«Олимпиада алтыны жузуге деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, жастарды жүзуге қатысуға жетелейді. Спорттың бұл түрінің қаншалықты пайдалы екендігі баршаға мәлім. Ендігі мәселе – облыс орталықтарында тұратын жастарға ғана емес, ауыл жастарына да жүзу бассейндеріне жол ашу», – деді Қартпаев.

Айта кетейік, бүгін Рио Олимпидасында екі жүз метрге жүзуден қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин ақтық сайыста алтын жүлдеге ие болған еді.

Жіберіп алмаңыз:

Баландиннің алтын жүлде алған сәті (видео)

Дмитрий Баландин жеңісін барша қазақстандықтар тойлайтынын айтты

РИО-2016: Қазақстан медаль саны бойынша 11-ші орынға көтерілді

Фото: Рио Олимпиадасындағы қазақстандық спортшыларының жеңісті сәті

Талқылау