Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бапкер Денис Тен туралы: Бүгін ғана ол менің оқушыммен бірге сырғанады

Қазақстан құрамасының бас бапкері Құралай Узурова танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өз жасына қарамастан, елімізде мәнерлеп сырғанау спортын дамыту жолында біраз дүние жасағанын айтты.

Бапкер Денис Тен туралы: Бүгін ғана ол менің оқушыммен бірге сырғанады

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Бапкер  Құралай Узурова дарынды спортшының өмірі ерте үзілгеніне өкініш білдірді.

«Қайғыдан қабырғамыз қайысып отыр. Ол ұлы спортшы, ұлы мәнерлеп сырғанаушы, тамаша адам еді, әлі сене алмай отырмыз. Бұл барлығымыз үшін өте ауыр қайғы», – дейді Урузова.

Өз сөзінде бапкер соңғы уақыттарды Денис Теннің Алматыдағы «Халық Аренасында» жаттыққанын айтты.

«Бүгін ғана ол менің оқушым Алана Тоқтаровамен сырғанады. Кеше де гран-приге дайындалып жүрген қызбен жұмыс істеген еді. Анасымен жақында кездестім, ал Денисті көрген жоқпын, өйткені оның қолы бос емес, басқа мұз айдынында жұмыс істейді», – дейді бапкер.

Сонымен қатар Құралай Узурова марқұмның мемлекет үшін және мәнерлеп сырғанау спортшы үшін көп дүниені жасап үлгергенін айтты.

“Оның барлық шоуы, барлық жеңісі Қазақстанды спорт әлемінде өте жоғары деңгейге шығарды. Жас болса да, көп іс тындырған еді”, – дейді Узурова.

Айта кетейік, 19 шілде күні Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді белгісіз біреулер пышақтап кетті. Спортшыны кімнің жарақаттағаны анықталды. Артынша оның қайтыс болғаны ресми түрде хабарланды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау