Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бензин бағасы тағы қымбаттай түсті

Алматыда АИ-92 маркалы бензиннің құны кей жанармай құю бекеттерінде литріне 145 теңге болып қымбаттады.

заправка
Мәселен, АИ-92 бензині «Лукойл» бекетінде литріне 145 теңгеден болып, бес теңгеге көтерілген. АИ-95 165 теңгеден сатылып жатыр дейді бекеттің операторы.

«ҚазМұнайГазда» да жанармай құны көтерілген. Мұнда 17 ақпаннан бастап АИ-92 бензинінің бір литрі 139 теңгеден 141 теңгеге дейін барды. Ал АИ-95 – 154 теңге.

«Газпромнефть Қазақстан» да АИ-92 бензинін 141 теңгеден сатуда, ал АИ-95 – 152 теңге.

АИ-92 бензині Sinoоil компаниясында, бұрынғысынша литріне 140 теңге, ал АИ-95 – 152 теңге. Сонымен қатар Helios те АИ-92 бензинін 140 теңгеден сатып жатыр. Ал АИ-95 – 151 теңге.

Бағаны өзгертпегендер қатарында Royal Petrol да бар: АИ-92 – 140 теңге, алайда АИ-95 – 155 теңге.

Оқи отырыңыз:

Министрлік елімізде бензин бағасының шарықтап кетуіне не себеп болғанын айтты

Бозымбаев бензиннің қымбаттау себебін айтты

Кәсіпқой бокста тұңғыш рет өнер көрсеткен қазақ баласы қарсыласын нокаутпен ұтты

Елбасы Қанат Исламды ЭКСПО кезінде Астанада бокс өткізуге шақырған (видео)

Талқылау