Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Банктің проблемасында шаруам жоқ: “Астана банкінен” ақшасын ала алмай жүрген клиенттері шу шығарды

Күні кеше лицензиясынан айырылған «Астана банкінің» салымшыларының депозиттерінің жалпы сомасы 40 миллиард теңгеден асады. Ендігі салымшылар өз жинағы үшін уайымдап отыр, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Банктің проблемасында шаруам жоқ: "Астана банкінен" ақшасын ала алмай жүрген клиенттері шу шығарды

Банктің лицензиясынан айырылған туралы ақпарат тарағаннан кейін жинаған ақшасы үшін алаңдаған клиенттері банкке қарай ағылды.

«Менің шаруам жоқ. Бұл банктің проблемасы. Мен оларға өз ақшамды сеніп тапсырдым. Олар маған көп нәрсені уәде етті. Ал енді қайда? Шынымда айтсам, мен Ресейде банкоматтан 10 мың шешіп алдым. Мұның бәрі мен сол жақта болған бір жарым ай ішінде болып отыр. енді не болады? Мен қалған ақшамды алғым келеді. Қайтарып беріңіздер!» – дейді банк клиенті Тамара Миронова.

Кешеден бері мемлекет бойынша «Астана банкінің» банкоматтары мен терминалдары істемей тұр. Шоттағы ақшаы алу мүмкін емес. Банк қызметкерлерінің сөзінше, барлық бағдарлама  бұғатталған.

Десе де банкте уақытша әкімшілік өз жұмысына кіріскен. Жақында Ұлттық банк «Астана банкін» мәжбүрлі түрде жабу туралы талап етіп, сотқа жүгінеді. Экономистердің сөзінше, істің осылай тынары бесенеден белгілі болған.

Ал банк салымшыларының жағдайына келер бослақ, банк жабылып, барлық мүлкі сатылғаннан кейін, салымшылары жинақ ақшасын ала алады.

Бірінші кезекте, салықтары төленіп, артынша заңды және жеке тұлғалардың қарыздары қайтарылады. Ал депозит иелері Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қорынан өтемақы алатын болады. Қазіргі уақытта «Астана банкіндегі» депозиттердің жалпы сомасы 41 миллиард теңгеден астам ақшаны құрап отыр. Ол алдағы уақытта қайтарылатын болады.

Естеріңізге сала кетсек, кеше, 19 қыркүйекте, “Астана банкінің” лицензиясынан айырылғаны хабарланған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау