Банктер ескі 1000 теңгені айырбастауды тоқтатады

2018 жылдың 1 наурызынан бастап екінші деңгейлі банктер 2006 жылғы үлгідегі 1000 теңгелік банкноттарды айырбастауды тоқтатады. Бұл туралы Ұлттық банк сайтында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бірақ ескі үлгідегі банкноттарды Ұлттық банктің филиалдарында 2021 жылдың 28 ақпанына дейін айырбастауға болады.

Ұлттық банктің ақпаратынша, айналымда жүрген номиналы 1000 теңгелік естелік банкноттар заңды төлем құралы болып саналады.

“ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес айналыстағы банкноттарды қабылдаудан бас тарту шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 5 АЕК, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 10 АЕК, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 25 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. “, — делінген хабарламада.

Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банкноттарды қабылдаудан, ұсақтаудан және айырбастаудан бас тартуы 50 АЕК мөлшерiнде айыппұл салынады.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
27.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар