Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Банктен несие алған азаматтардан комиссия төлеуді талап етсе не істеу керек

Банктен несие алған азаматтардан комиссия төлеуді талап етсе не істеу керек? Ұлттық Банк екінші деңгейлі банктердің тұтынушылардан алатын комиссиясы туралы айтты.

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Қарағандылық Лариса Шолохова несие қызметі үшін банктің заңсыз ақша алатынын дәлелдеуге тырысып жүр. Ол 2009 жылы банктен 4 несие алған. Оның біреуі – несие карточкасы. Барлық қарыз – 20 пайыздан. Бірақ, Лариса 120 пайызын төлеген, бәрібір де банкке қарыз болып отыр. Оның айтуынша, банк қулық жасап отыр. Банк несие бойынша ғана емес, несиелік карточкасына көрсеткен қызметі үшін де комиссия алып келген.

«Бір құжат басқасын қайталайды. Ол үшіншісіне бағыттайды. Нәтижесінде барлығы шатасады», – дейді. Қарағанды тұрғыны Лариса Шолохова.

Оның несие алғаны үшін, алған қарызының 10 пайыз мөлшерін комиссия ұстап қалған. Сондықтан, алынған комиссия көлемі1,5 миллионды құраған.

Қазақстанның Кәсіпкерлер қауымдастығының хабарлауынша, 2016 жылы екінші деңгейлі банктер заңсыз 40 комиссия алған. Ал 2012 жылы банктерге қарыз шотын жүргізу үшін комиссия алу заңсыз екенін хабарлаған.

«Тұтынушы мен банк несиелік шотты жүргізуге бір-бірінің алдында міндетті емес. Бұл банктың ұлттық банк алдындағы міндеті. Яғни, заңды тұлғаның ақшаны қайдан алғаны туралы есептік кассасы. Бұл үшін банктің тұтынушыдан комиссия алуға құқығы жоқ», – дейді Қазақстанның Кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Ермек Әбілдин.

Ереже бойынша, комиссия тек ағымдағы шоттар үшін ғана алынуы керек.

«Бұл тізім 2016 жылдың 1 шілдесінде күшіне енді. Бұған дейін заңда мұндай шектеу болған жоқ. Сондықтан 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін жасалған  банктік қарыз келісімшарттары заңды болып табылады», – дейді Қарағандыдағы Ұлттық банк филиалының басшысы Анна Ридель.

Қазір сотта осы мәселеге қатысты 250 іс қаралып жатыр. Оның ішінде 30 қарыз алушы жеңіп шыққан.

Тағы оқыңыз:

Қазақстан бензин бағасы арзан ел атанды

Қазақстандықтар ең жоғарғы зейнетақыға қалай қол жеткізе алады

Енді банкке қарыз талаптарын өзгертуге өтініш жасауға болады

Қазақстандықтардың базалық зейнетақысы қаншаға өседі?

Талқылау