Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Банкте ақша сақтайтындар азайған

Былтырғымен салыстырғанда тапқан таянғанын қаржы ұйымына сеніп тапсыратындар анағұрлым сирей түсіпті, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Ұлттық Банктің  мәліметінше, соңғы төрт жылда депозиттердің саны тек өсумен болған. 2013-ші жылы екінші деңгейлі банктер депозитке 3,8 триллион теңге қабылдаса, ал былтыр бұл көрсеткіш 7 триллионнан асты. Яғни, депозиттер жылда кемінде 1 жарым триллионға толығып отырған. Ал биылғы көрініс қаржыгерлерді қуантып отырған жоқ. Өйткені, салымшылар биыл тек 941 миллион теңге тапсырған. Нәтижесінде, депозит қоры 8,2 триллион теңгеге ғана толығып отыр. Тіпті, салым мөлшері ең төмен деген депозиттердің өзі сұранысқа ие болуды қойыпты. Біреулер мұны банктерге деген сенімнің жоғалуымен түсіндірсе, енді буреулер салымдарының үстіне қосылатын сыйақының азаюымен байланысты дейді. Ұзақ мерзімді депозиттердің жылдық сыйақысы 14 пайыз болуы- банктер үшін тиімсіз. Сондықтан көптеген қаржы ұйымдары салымшылардың қаражатын 12 жарым пайыздан артық өсіріп бере алмай отыр.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда шетелдік валютада сақтауға болатын депозит мөлшерлемесі төмендетіледі

Ақышев: Қазақстандықтардың зейнетақысы желініп жатқан жоқ

Ұлттық банк төрағасы жыл соңына дейін теңге бағамы қандай болатынын айтты

Істі болған Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы түрмеде ұлына қысым көрсетіп жатқанын айтты

Талқылау