Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Банк банкротқа ұшыраған жағдайда жинақ шотындағы ақшаңызды қалай сақтап қалуға болады

Қазақстандықтар әлі де ұлттық валютаға сенім білдіре алмай жүр. Банк жинақ шотындағы жинақ ақшаның жартысынан көбі доллар түрінде сақталады екен. Десе де былтырғы жылмен салыстырғанда, жағдай аздап өзгерген. Бұл туралы депозиттерге кепілдендіру қорында хабарлады. Еліміздегі азаматтар әлі де банктерде есепшот ашуды жалғастыруда. Қазіргі уақытта жинақ шотында 8 триллион теңге бар екен.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Қазақстандықтар әлі де банктерде есепшот ашуды жалғастыруда. Қазіргі уақытта жинақ шотында 8 триллион теңге бар екен. Бұл былтырғымен салыстырғанда, 700 миллиард теңгеге көбірек. Жинақ шотындағы ақшаның 43 пайызы теңгемен сақталса, қалған бөлігі шетел валютасымен сақталған.

Бірақ депозиттерді кепілдендіру қорындағылар адамдардың теңгеге сенімі қайта пайда бола бастағанын айтуда. Былтыр салымшылардың үштен бірі ғана ұлттық валютаны құп көрген екен.

«Жинақ шотындағы қаржының басым бөлігі «Халық», «Казкоммерц» және «Kaspi банк» банктерінде сақтаулы. Аталған үш банктің үлесіне бүкіл халық салымының 47 пайызы келеді», – дейді «Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры» АҚ төрағасы Бақыт Қоғылов.

Қазіргі уақытта теңгелік депозиттер бойынша мөлшерлеме жылдық 14%-ды құрайды. Ал шетелдік валютадағы депозиттердің сыйақы мөлшері 1 пайызға төмендейді. Десе де теңгелік депозиттегі  жоғары мөлшерлеме қазақстандықтардың ұлттық валютаға деген сенімін қалпына келтіре қоймаған сияқты. Оның өз себебі де бар.

«Әрине, 2009 жылы, 2014 және 2015 жылдары үш рет теңге құнсызданды. Сондықтан адамдардың сенімсіздік білдіруіне себеп те жоқ емес. Адамдарды теңгенің тұрақты валюта екеніні сендіру үшін әлі бірнеше жыл қажет», – дейді қаржы кеңесшісі Расул Рысмаметов.

Ұлттық валютада сақталған 10 миллион теңге және шетелдік валютада сақталған 5 миллионға дейінгі қаржыны мемлекет кепілдендіреді. Қор төрағасы шоттағы ақша шектелген мөлшерден асқан жағдайда  ақшаны қалай қорғауға болатынын айтты.

«Егер бір адамның екі банкте 10 миллион теңгеден ақшасы болса және ол банктер банкротқа ұшыраса, салымшы екі банктен де 10 миллион теңгеден ала алады. Егер сізде 30 миллион теңге болса, оны үш банкте сақтаған жөн», – дейді «Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры» АҚ төрағасы Бақыт Қоғылов.

Десе де қазақстандықтарға салым туралы ақпарат іздестіруді оңайлату үшін, қор сайтында депозиттік портал іске қосылған. Онда пайыз және банктердің қаржы ахуалы жөнінде барлық ақпарат берілген. Мұның бәрі дұрыс таңдау жасауға көмектесуі тиіс. Мұндай порталға деген қажеттілік бұрыннан туындағанын айта кету керек. Биылғы жылдың өзінде екі бірдей «Delta» және «Казинвест» банктері лицензиясынан айырылды.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда шенеуніктердің шетелдегі есепшоты жөніндегі банк құпиясы жариялануы мүмкін

БЖЗҚ банкротқа ұшыраған Delta Bank-тан ақшасын қайтара алмай отыр

Ақтөбелік көлік жүргізушілері газ іздеп, сандалып жүр

Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары АИ-95 бензинін шығара бастады

Талқылау