Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бангладештік “ағаш-адам” денесіндегі бездерден арылу үшін 16 операция өткерді (фото)

27 жастағы Абдул Байандар аяқтары мен қолдарына шығып кеткен ағаш бұтақтарынан арылу үшін 16 операцияны бастан өткізді.

1-112

Бұл туралы dailymail хабарлайды.

Абдул верруциформды эпидермодисплазия деп аталатын тым сирек кездесетін ауруға шалдыққан әлемдегі 4 адамның бірі. Бұл генетикалық ауру жағдайында адам денесіне ағаш қаптап кетеді.

2-52

Байандарға операция Дакии медициналық колледжі ауруханасында жасалған.

5-16

“Аяғы мен қолдары қазір жақсы. Ол бірнеше шағын операциядан кейін 30 күн ішінде шығарылады”, – деді ауруханадағы пластикалық хирургия координаторы Саманта Лал Сен.

4-31

Байандар осы аурудан айығып шыққан алғашқы адам атануы мүмкін. Ер адамға операция тегін жасалған.

3-40

Ол үйленген, 3 жасар қызы бар. Ол ауруынан айыққасын отбасына көңіл бөліп, қызының тәрбиесімен айналысқысы келеді.

Талқылау