Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балжан Бидаш Баян Алагөзовадан кетіп тынды

Балжан Бидаш Жаңа жылдан кейін КешYou тобымен қош айтысатынын, бұдан кейін жеке әнші ретінде шығатынын айтқан еді. Баян Алагөзова да бір сөзінде мұны растап, алдағы уақытта Бидашканы жеке әнші ретінде дамытатынын мәлімдеді. Алайда көп ұзамай Балжан продюсерлерімен қош айтысты, деп хабарлайды Stan.kz.

Балжан Бидаш Баян Алагөзовадан кетіп тынды

Бұл туралы Балжан өзінің желідегі парақшасында жазды.

“Тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан үлкен өнер мектебімді қызыл дипломға бітірдім! Ол қызыл дипломды Баян Мақсатқызы мен Бағым Мақсатқызынан алдым! Сіздердің арқаларыңызда өмір мен өнердің сабағын алып,xалықпен табыстым! Сенімдеріңізді ақтағаныма қуаныштымын! Мені үлкен өмірге аттандырып жатқан продюсерлерімнен жеке шығармашылыққа ақ батасын қабыл алдым! Олар маған әрдайым қолдау көрсететінін айтты! Продюсерлеріммен мақтанамын! Мен сіздерді жақсы көремін! Бас идім! Мың алғыс!” – деп жазды ол.

Алдағы уақытта Балжан өзін түрлі бағытта сынап көрмек. Айтуынша, шоу-бизнесте жеке жұмыс істеу қиын. Десе де, барымды саламын, дейді Бидашка.

“Жеке жұмыс істеу өте қиын. Ол екінің бірінің қолынан келмеуі мүмкін. Бірақ мен соған мойынсұнып, тәуекелге бел буып жатырмын. Өйткені КешYou тобында 4 жылдан бері жинаған тәжірибем бар, соны қолданып көремін.

Мен бір бағытқа қатып қалмаймын. Әртүрлі бағытта ән саламын. Тәжірибеден қорықпаймын. Тіпті, арасында өзім бұрын-соңды ойламаған стиль де бар”, – деді Балжан “Гәкку” арнасына берген сұхбатында.
Бидашка халық назарына ұсынуға 5-6 ән дайындап қойғанын айтты.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау