Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балуан Данияр Қайсанов Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты

Еркін күрестен Данияр Қайсанов Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz порталына сілтеме жасап.

к.рес

74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол 1/8 финалда жапониялық Отогуро Кейсукемен кездесті. Тартысты белдесу қазақстандық балуан Данияр Қайсановтың жеңісімен аяқталды. 

Олимпиада ойындарының ширек финалында Данияр Қайсанов египеттік Амр Реда Хуссенмен кездеседі.

Еске салсақ, бұған дейін еркін күрестен Юсуп Батырмурзаев Олимпиада ойындарында жеңіліп қалғаны айтылған еді. 

Талқылау