Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балқашта күйеуі қызғаныштан әйелін тұншықтырып өлтірді

Әйелінің жеңіл жүрісін біліп қойған күйеуі оны қызғаныштан тұншықтырып тастаған. Оқиға көптің көзінше көшеде болған.

zadushil_1

Сурет vv.com.ua

Бұл туралы kriminalka.kz хабарлайды.

Балқаш тұрғыны Галина Титкова үш жыл бұрын Бақыт Асанбаевқа күйеуге шығар алдында қыздың туыстары жігіттің жұмыссыз екенін, тіпті өз басын алып жүре алмайтын адам деп бағалап қарсы болған. Алайда махаббаттан көзі байланған қыз, туыстарының ескертпесін елең қылмаған.

Екі жас ақыры үйленіп, көп ұзамай қыздары да өмірге келеді. Әу баста уәдені үйіп-төккен Бақыт жұмыс таппай, құр сенделген. Әупірімдеп жүріп сатушы болып орналасқан Титкова үйге аз-маз табыс әкеліп тұрады. Келе-келе мінез шығарған Бақыт әйелін соққының астына алатынды да шығарған.

Күйеуінен шаршаған Галина табысы мен жеке пәтері бар өзіне басқа сенімді дос тауып, араласа бастайды. Бір күні жұмыстан қайтып келе жатқан сәтінде, күйеуі әйелінің өзге үйдің ауласына кіргенін байқап қалады. Ақыры, көзіне шөп салғанына толық сенген ол, әйелін көше бойында ұстап алып тұншықтырған. Ақыры қатты күшке шыдай алмаған Галина, аурухана төсегінде жап тапсырған.

“Әйелімді өлтіргім келмеген. Тек оны қатты қызғанып, осындай әрекетке барып қойдым. Ол басқа еркекпен жүрді”, – дейді сотта Бақыт.

Бақыт Асанбаевты ауданаралық мамандандырылған сот айыпты деп тауып, 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Талқылау