Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балқашта бензин ішіп көз жұмған сәбидің ата-анасы жауапқа тартылады

Балқашта байқаусызда бенсин ішіп қойған сәби емхананың жансақтау бөлімінде көз жұмды, деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

4b38542b5fe670e258afe02a2406332f_XL

«Сәбиді аман алып қалу мүмкін болмады. Ол шамадан тыс иістеніп қалған. Денсаулығы тұрақтала алмады», – дейді Айжан Иса.

«Қауіпті жерде қалдыру» бабы бойынша сәбиің ата-анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша 3 жылға бас бостандығынан айыру немесе 3 жылға бас бостандығына шектеу қою жазасы тағайындалады.

Оқыс оқиға 28 шілде күні болған. Бұған дейін бензин ішіп қойған 1 жасар баланың жансақтау бөлімінде ауыр халде жатқанын хабарлаған едік.

Жіберіп алмаңыз:

Суға кеткен баланың  ата-анасы салғырттығы үшін 5 жылға қамалуы мүмкін

Талқылау