Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балқаш тұрғыны туған ұлын 30 мың теңгеге сатпақ болған

Балқаштық екі жасар баланың анасы, өз ұлын сатып алушыларды екі ай бойы іздеген. Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД хабарлады.

4ddc75f1698994d05cf43f2316d7d33a_XL-752x440

Сурет mamo4ki.su

“31 мамыр күні Қарағанды облыстық ІІД-не 22 жасар әйелдің 2 жасар ұлын сатпақ болғандығы туралы ақпарат түсті. Әйелдің кім екені анықталып, ол тұтқынға алынған”, – деп хабарлады ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Қазіргі таңда әйелдің әрекетіне қатысты ҚР ҚК 135 бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Әйел бұл қадамға ақша таппай қиналғандықтан барған.

Осыған ұқсас жағдай мамыр айында Алматыда да болған еді. Ол кезде 25 жастағы қала тұрғыны өзінің кішкентай қызын сатпақ болған жерінен ұсталған. Ол өз баласы үшін 2 мың доллар алмақшы болған.

Талқылау