Балқаш көліне балық аулауға шыққан екі жігіт жоғалып кетті

Балқашта екі облыстың құтқарушылары із-түссіз жоғалып кеткен балықшыларды іздеуде. Жексенбі күні 25 жастағы төрт ер адам екі қайыққа отырып, балық аулауға шығып кеткен болатын. Келесі күні балықшылардың екеуі аман-есен табылды. Олар әбден суықта мұздап қалған. Ал, қалған екеуінің тағдыры әлі белгісіз, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Балқаш көліне балық аулауға шыққан екі жігіт жоғалып кетті

Таңғажайып жағдайда аман қалған Мыңарал ауылының тұрғындарының айтуынша, олар екі қайыққа отырып, балық аулауға шыққан. Содан балықшылар екіге бөлініп кеткен. Жексенбіде Балқаш көліне балыққа шыққандар тек дүйсенбі күні таңертең ғана қайықтарының өшіп қалғанын хабарлай алды. Бірақ, олар орналасқан жерлерін білмегендіктен, толық ақпарат бере алмаған. Біраз уақыттан кейін жағалаудан 10 шақырым қашықтықта екінші қайық табылды. Алайда, төңкерілген қайықта ешкім болмады.

Тек аралдың жанында балықшылардың бірінің қорғаныш костюмі жатқан. Бірақ, екі балықшыны бес күн бойы таба алмай жатыр. Ауа-райының қолайсыздығы да іздеу жұмыстарында қиындық тудыруда. 10 градус төмен температура мен қар және екпінді жел іздеуді одан әрі қиындатты. Қазір құтқарушылар көлдің түбін сүзіп шығуға тырысуда. Бірақ 10 сантиметрге жететін мұз қабатының кесірінен құрал-жабдықтар жиі бұзылып қалып жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
10.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар