Балиева 7 жасар баланың ісіне қатысты айыпталып жатқан ” отбасылық туыстармен” таныс емес екенін айтты

Зағипа Балиева өзінің ОҚО полцейлерімен және 7 жасар балаға қатысты істі болып жатқан отбасымен таныс деген ақпаратты жоққа шығарды.

«Шымкент қаласының және облыстық ІІБ-мен таныс емеспін. Баланың жағдайын білу үшін тексеруші топты жібердім. ІІД басшысына өзім хабарласып, әжейге қандай көмек керек екенін, арызын түгел қарауды сұрадым. Олар бұған дейін де арыз жазған», – дейді Балиева.

Оның айтуынша, Шымкенте барғанда ешқандай тергеу ісіне араласпаған, үнемі баланың жанында болған. Отбасылық «сәйкестіктерге» де еш қатысы жоғын ескертті, деп хабарлайды bnews.kz.

«Мектеп директорын танымаймын. Ол ауылда болған жоқпын. Оның кімнің туысы екенін де білмеймін. Сондықтан бұл сұраққа жауап бермеймін», – деді Балиева.

Жіберіп алмаңыз:

Астанада 7 жасар баланы анасы алып кетті

Балиева: 7 жасар баламен кездескісі келетіндерге бір шартым бар

Балиева: Баланың анасы мен адвокаты Астанаға келеді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар