Балғынбек Имашев өзін жерге қатысты сынағандарға жауап берді

Жексенбі, 1 Мамыр , 2016 16:16

Бұған дейін айтыскер ақын жер сату мәселесіне қатысты пікірін ортаға салған еді. Енді ол сол пікірі үшін сын айтқандарға жауап қайтарды.

Bal-yinbek-Imashev-bes-ldan-keyin-yizdyi-boldyi

Сурет: aitysker.com 

Бұл туралы айтыскер Instagram парақшасында жариялады.

Ақын жерінің тыныштығын, бейбітшілігін тілей отыра сатқын атанғанына күйінеді.

“Әссәләмуғәләйкум, Қазақ Елі! Бағана бір азамат: Сен мемлекеттік қызметке жұмысқа кіргенсің бе деп сұрады. Мен таңғалып, неге олай сұрадың десем, Жерге байланысты жазған постарым ұнамапты. СұбxанАлла! Сонда мен елді алаңға шықпауға шақырсам оның қызметке қандай қатысы бар? Елдің тыныштығын ойлап отырып та жағымпаз, қорқақ, сатқын атанып қалу оп-оңай екен”, – деп жазады айтыскер.

Ол алдыңғы айтқан пікіріне қатысты сынағандарға төмендегідей жауап қайырды.

Мына нәрселерді есте сақтап, жала жаппауларыңызды сұраймын:
1. Мен жер сатуды, немесе жалға беруді ешқашан қолдаған емеспін.

2. Бұл мәселеге қатысты ақпараттарда лас саяси теxнологиялар қолданылып, xалықты қолдан дүрліктіріп жатыр.

3. Алаңға бейбіт шеруге шығуға жүз пайыз қарсымын, және одан xалықты қайтарам. Себебі, ешқашан бұндай әрекеттердің соңы xайырлы болған емес. Алаңда арандатушылар болады, олар xалықтың негізгі мақсаттан бұрып, төңкеріске, немесе қантөгіске апаратын әрекеттер жасауы мүмкін.

4. Елбасының 25 жылғы еңбегін жоққа шығару – ең үлкен әділетсіздік. 76 жастағы ақсақал еліне ешқашан жамандық ойламайды. Мәңгілік Ел болу идеясының соңы қытайға құл болу емес!

5. Мен жер сатуға һәм қытайға жалға беруге қарсылық көрсеткен барлық қандастарымды құрметтеймін! Жер үшін солай тұрып берген батыр қазақ тілі үшін де діні үшін де тұрып берсе екен деп дұға қылам! Қытайға жеріңді бермеген жақсы, бірақ қызыңды да бермесеңші!!! Азаматтықты да бермесеңші!!!

6. Елбасы мәңгі емес. Билік бейбіт түрде ауысса екен. Төңкеріспен келген басшы елге берекелі болмайды”, – дейді Балғынбек Имашев.

Ол өзінің біраздан бері еш жерже ресми түрде жұмыс істемейтінін, жұмыссыз екенін де атап өтті. 

“Мен екі-үш жылдан бері ешқандай қызметте емеспін. Ресми жұмыссызбын! “Нұр-Отан” партиясының да мүшесі емеспін! Алланың құлы, пайғамбардың (с.ғ.с) үмметі, қазақтың баласымын! Дұғада болайық, Аллаға құл болсақ, басқа ешкімге құл болмаймыз! Алла Тағаланың барлық нәрсеге күш-құдіреті жетеді!!!”, – дейді айтыскер. 


Жіберіп алмаңыз:

Имашев: Билікке қол жеткізіп алып тәкәппар, жемқор, қатыгез болып кететіндер көп

Қазақстандық жұлдыздар жер саудасына қарсылық білдірді (видео)

Ринат Зайытов: Қатар ұлтпыз бағымыз бен сорымыз (видео)

Қазақстандық жұлдыздар халықты жабайы көтерілістен сақтануға шақырды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

19
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар