Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Имашев: Билікке қол жеткізіп алып тәкәппар, жемқор, қатыгез болып кететіндер көп

Жер сату немесе оны жалға беру мәселесіне қатысты айтыскер ақын Балғынбек Имашев та өз пікірін білдірді.

maxresdefault

Фото: muslim.kz

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Күні кеше жер сату мәселесі сөз болғанда, халық қана емес, өнер адамдары да өре түрегеліп, халық пен билік арасында байланыс орнатуға тырысқан-ды. Енді міне айтыскер ақын Балғынбек Имашев та өз ойын ортаға салды.

“Белгілі бір ақиқат: қазақ Тәуелсіз ел болғалы билік пен xалық деп екіге бөліп, екеуін бір-біріне жау көрсету сияқты арандатушылық әрекеттер еш толастаған емес. Анығында билік – xалықтың қызметшісі, ал биліктің қайнар көзі – xалық! Елбасы да, депутаттар да, министрлер де, әкім-қаралар да, бәрі-бәрі xалықтың ішінен шығады. Аспаннан салбырап түспейді, өз арамыздан. Халықтың ішінде неше түрлі адам бар – арызқой, бәлеқор, жалқау, ұры, қызғаншақ, сараң, ұрысқақ т.б. Сол үшін xалықты жек көрмейміз. Себебі, ішінде ақпейіл, адал, еңбекқор, шыншыл, шыдамды, кемеңгер, аңғал, ақжүрек, жақсылары әлдеқайда көп”, – дейді ақын.

Мұнымен қатар, Имашев халықты жабайы көтерілістен сақтануға шақырып, топырақты билік басында отырғандардың барлығына бірдей шашпауға кеңес берді.

“Сол сияқты билікке жеткенде өзгеріп, жемқор, сатқын, қатігез, тәкаппар болып кететіндер бар. Сол үшін бүкіл биліктегі атқамінерлерді жек көруге болмайды. Себебі олардың ішінде де ұйқы көрмей, ел деп еңбек етіп, бала-шағасын көрмей, тыным таппай, жар құлағы жастыққа тимей, малын, күшін, ақылын, жанын салып еңбек етіп жүргендер бар. Ақ пен қара, жақсы мен жаман, адал мен арам арпалысқан, аласапыран аралас дүние ғой. Біз үшін ең қымбат байлығымыз – тыныштығымыз, бірлік-берекеміз”, – дейді ақын.

Мұнымен қатар, басшының мемлекет үшін пайдалы шешім шығаратынына кәміл сенетіндігін жеткізді.

“Елбасымыздың ерен еңбегін жоққа шығару – әділетсіздік болмақ. Шекараны бекітіп, даудың бәрін шешкен, мөр басып бекіткен ерлігіне көз жұму – қиянат. Жердің сатылмауына мүдделі бір адам болса, ол – елбасымыз. Басшыға бағыну – Алланың әмірі. Оған қарсы шығу былай тұрсын, сыртынан ғайбаттаудың өзі – ауыр күнә. Басшыға разы болмау – тағдырға разы болмау. Біздің міндетіміз: Ия, Алла, патшамызға күш-қуат, xидаят, адал уәзірлер бер, әрқашан қазағымызға, мемлекетімізге пайдалы шешім шығаруын нәсіп ет, xалқымызды ойы пасықтың ойраны, көзі қысықтың қырғыны, дұшпанның зұлымдығынан сақта деп дұға жасау”, – дейді Балғынбек Имашев.


Оқи отырыңыз:

Ринат Зайытов: Қатар ұлтпыз бағымыз бен сорымыз (видео)

Қазақстандық жұлдыздар халықты жабайы көтерілістен сақтануға шақырды

Атырау тұрғындары “жер сатуға” қарсылық білдіріп алаңға жиналып шеру өткізді

Алматы халқы жер сатуға қарсылық білдіріп көшеге шықты

Талқылау