Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баласынан ажырап қалып, 67 жылдан кейін кездескен анасы ұлын көргенде көз жасын тыя алмады

Оңтүстік Кореяда тұратын Ли Кем Сон есімді кейуана 1951 жылы саясат салдарынан 4 жасар ұлынан айырылып қалған. Бүгінде Оңтүстік және Солтүстік Кореяға ымыраға келгеннен кейін, анасы 67 жыл бойы көрмеген ұлымен кездесті.

Баласынан ажырап қалып, 67 жылдан кейін кездескен анасы ұлын көргенде көз жасын тыя алмады

Бұл туралы ВВС агенттігіне сілтеме жасап Stan.kz.

Корея мемлекеті екіге бөлінгеннен кейін, Ли Кем Сон Оңтүстік, ал ұлы Солтүстік Кореяда қалып қалған.

«Біз екі жаққа бөлініп қалғанда ұлым 4 жаста болды. Мен не істерімді білмедім», – дейді қарт ана Ли Кем Сон.

Кейуананың сөзінше, ол ұлын 67 жыл бойы көрмеген.

«Мен оны қайта кездестіргенде қайда болғанын, жағдайы қалай екенін, кіммен тұрып жатқанын сұрағым келеді», – дейді ол.

Баласынан ажырап қалып, 67 жылдан кейін кездескен анасы ұлын көргенде көз жасын тыя алмады

Таяуда кейуана Оңтүстік Кореядан Солтүстік Кореяға өз перзентімен кездесу үшін келді. Ли Кем Сон ұлымен кездесуді 1951 жылдан бері күткен. Олардың кездесуі 3 күнге созылатын болады.

Мұнан кейін Ли Кем Сон ұлымен тағы жолыға  ала ма, белгісіз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау