Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Суға кеткен баланың ата-анасы салғырттығы үшін 5 жылға қамалуы мүмкін

Күні кеше Алматыда тау бөктеріне демалысқа шыққан отбасының 9 айлық сәбиі ағысы қатты өзенге құлап кеткен еді. Нәрестенің өлі денесі бірнеше шақырым төмен орналасқан бөгеттердің бірінен табылды. Енді баласына дұрыс қарамаған ата-ана да жауапқа тартылуы мүмкін, – деп жазды КТК арнасының сайты.

балаааааа

Сурет minval.az сайтынан алынды.

15 жастағы қыз бауырларымен суретке түсу үшін  жағаға барған екен. Бірақ  абайсыздақұлап кетіп, қолындағы нәрестені суға түсіріп алады. Ағыспен төмен кеткен баланы іздестіру жұмыстары түнімен жүріп, кешкілік денесі табылған.

Алма-Арасан шатқалында кеше басталған іздестіру шарасына қаланың барлық шұғыл қызметі жұмылды. Олардың арасында учаскелік полицейлер, құтқару қызметі, төтеншеліктер, орманшылар мен еріктілер де бар. Бас аяғы жүзден астам адам кішкентай Исламды іздестіруді бір сәтке де тоқтатқан емес.

Ал оқиғаның өзі кешкі сағат алтылар шамасында болыпты. Табиғат аясында демалған отбасы үйге жиналған сәтте балалар ойнап жүрген екен. Кейін ересектердің назарынан тыс қалып, арты қайғылы аяқталып отыр.

-“Қазіргі таңда ҚК 141 бабы 2-тармағы бойынша алдын-ала сот алды тергеу амалдары жалғасу үстінде. Яғни, кәмелет жасқа толмағандардың өміріне қауіп төнбейтіндей жағдай жасамағаны үшін бұл дерек тіркелген болатын”, – дейді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бұл Алматыда жаз басталғалы бері болған осындай бірінші жағдай емес. Бүгінге дейін 8 адам суға кетіп, ажал құшқан. Сондықтан құтқарушылар жұртты қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

-“Қазір өзендердегі су деңдейі көтерілген, ағысы да күшейді. Демалыс кезінде балаларға көз салып, су қоймаларынан алыстау болған жөн”, – дейді Алматы қаласы құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Гаухар Нөкербекова.

Ал кішкентай Исламды іздестіру жұмыстарын күннің ыстығынан таудағы мұздардың еріп, өзен деңгейінің көтерілуі мен ағыстың күшеюі қиындатқан екен.

Баласына салғырт қараған ата-аналарға 5 жылға дейін түрмеге жабылу қаупі төніп тұр.

Жіберіп алмаңыз:

Құтқарушылар тауда жоғалып кеткен 2 жасар баланы бір күннен кейін тапты (фото)

Астанада жоғалған студенттің өлі денесі табылды

Талқылау