Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баласын жүз жастағы шалға ұқсатқысы келген әйел ұлының шашын қырып тастады

Мектепте берген үй тапсырмасы бойынша, оқушы қарт адамның киім үлгісінінде киіну керек болған. Ал ұлының бейнесін мінсіз көрсеткісі келген ана, оның шаш үлгісін қарт адамдардікіндей етіп өзгертпекші болды.

Баласын жүз жастағы шалға ұқсатқысы келген әйел ұлының шашын қырып тастаған

Бұл туралы Reddit-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Әйел ұлын шалға ұқсату үшін баласының самайын қырып, екі жақтағы шашын қалдырып қойды.

Егде жастағы адамның бейнесін аяқтау барысында анасы ұлының бетіне әжім салып, қасы мен сақалын сұр түске бояған. Үй тапсырмасын мінсіз орындағысы келген әйел, тіпті баласына көзілдірік кидіріп, қолына таяқ ұстатып жіберген.

Бұл бейнені көрген Reddit пайдаланушылары әйелдің шығармашылығын жоғары бағалады. Оқырмандар баланың шын мәнінде кішкентай кәрі шалға ұқсайтынын айтып, шынайы жасалған макияж үшін анасын мақтап, қолпаштады.

«Ол саябақта шахмат ойнауға бара жатқан сияқты», – деп күлді ересектер.

Тағы да оқыңыз:

Әлем үшін тарихи күн: Екі Корей елі арадағы жанжалды тоқтату туралы келісімге келді

Көмекке келген тікұшақ құтқарушы инженердің үстіне құлап кетті (видео)

Екі жасар бала анасын көлікпен қағып өлтірді

Рамзан Қадыров: Құдай бізге 4 әйелге дейін алуға рұқсат берген

Талқылау