Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кішкентай баланы улы жыланмен ойнатып қойған ата-анасы жұрттың жағасын ұстатты (видео)

Желіде Индонезияда түсірілген сұмдық жағдайдың видеосы көпшіліктің қызу талқысына түсті. Видео кадрларынан бүлдіршіннің улы жыланмен ойнап отырған сәтін көруге болады. Ол жыланды итеріп, оны қолымен ұстайды, деп жазады Stan.kz.

Баласын улы жыланмен ойнатып қойған ата-анасы жұрттың жағасын ұстатты (видео)

Өз кезегінде жылан балаға жақындай түседі. Десе де ол шабуылдаған жоқ. Ал оқиғаны сол жерде видеоға түсіріп тұрған ата-анасы баласының улы жыланмен ойнап отырғанынан қорықпаған. Керісінше, қуанып, тәнті болады.

Аталған видеоролик «Инстаграм» желісінде миллионнан астам рет қаралған.

Ал желі қолданушылары ата-анасының әрекетіне ашуланып, олардан баланы тартып алуды талап етті. Десе де кейбірі баланың ата-анасы жыланды үйретуші болуы мүмкін екенін және улы жыланның тісін жұлып тастаған болуы ықтимал екенін айтып жатты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау