Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баласын күні бойы көлік ішінде қалдырып кеткен америкалық өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Өзінің екі жасар баласын автомобиль ішінде қалдырып өлтіріп қойған америкалық Джастин Росс Харрис өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

justin-ross-harris-d00d116ccaaef966

Оқиға 2014 жылы 18 маусымда болған. 36 жастағы ер адам 2 жасар баласын артқы орындыққа белдікпен бекітіп қойып өзі таңғы ас ішіп, сосын жұмысқа кетіп қалған. Ал бала бір күн бойы көлік ішінде таңулы күйінде қалып кетеді.

Жеті сағаттай көлік ішінде қалып кеткен балаға күн түсіп, оның денсаулығын әлсірете бастап, ақыры өлімге алып келген.

16:00 шамасында Харрис кинотеатрға бара жатып, баланың әлі көлікте отырғанын байқайды. Өкінішке орай, ол көліктен баласының денесін алып шыққан.

Айып тағу барысында ер адамның баладан бас тарту үшін, оны мақсатты түрде көлік ішіне қалдырып кеткені расталды.

Сот үкімімен Харриске өмір бойғы жаза кесілді. Сонымен қатар, оның балаларға жыныстық қысым көрсетіп, әйелдер мен қыздардың басын айналдырғаны да анықталған.

Оқи отырыңыз:

Бір айдан кейін миллиондаған смартфондарда WhatsApp өз жұмысын тоқтатады

Сауд Арабиясында хиджабсыз суретке түскен әйелді өлім жазасына кесуге шақыруда

Барак Обаманың алдағы уақытта немен айналысатыны белгілі болды

2017 жылдан бастап Nokia қайта сатылымға шығады

Талқылау