Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баласы бар әйел өзінің табанын суретке түсіру арқылы ақша тауып жүр

Америкада тұратын әйел табанын суретке түсіру арқылы ақша тауып жүр. Ол бір жылда 2380 доллар (880 мың теңгеден аса) табыс тапқан.

Баласы бар әйел өзінің табанын суретке түсіру арқылы ақша тауып жүр

Бұл туралы The Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

21 жастағы Кайла Вудс күтуші болып жұмыс істейді және 1 жасар баласын тәрбиелеп отыр. Ол отбасына көмектесу үшін, танысу сайтына тіркеліп, кездесу үшін ер адамдардан 100-200 доллар (37 000-74 000 теңгеден аса) аралығында ақша алады.

Сонымен қатар Вудс клиенттерінің бірінің өтінішінен кейін аяғын суретке түсіре бастаған. Бұған дейін ол аяғын қорқынышты деп санаған. Ал клиентінің өтінішінен кейін өзіне сайт ашып, аяғының сурттерін 10  долларға (3 500 теңгеден аса), видеосын 40 долларға (14 мың теңгеден аса) сатуда.

Кейде клиенттері одан ерекше заттар жасауын сұрайды екен. Мысалы, табанын көкөніспен ысқылау, аяғын май құйылған ваннаға салу немесе маркермен табанына клиенттің есімін жазу.

Вудс аяғына жиі педикюр жасатады екен. Алайда мұндай процедураларға кететін шығынды клиенттері төлеп беретін көрінеді. Кейде, тіпті, Вудс тырнағын клиент қалағандай түске бояу үшін, оған қосымща ақша төлейді.

Әйел өзінің мұндай әрекетінде тұрған ерсі ештеңе жоқ екенін айтуда. Десе де оның жігіті наразы болыпты. Алайда Вудстың өзі кездесу кезінде клинеттерінің артық әрекеттерге баруына жол бермейтінін айтып ақталды.

Осылайша ақша тауып жүрген Вудс табысына отбасына Рождествоға арнап сыйлықтар алыпты. Ал қалған ақшасын сәбиінің қажеттіліктеріне жұмсайды.

«Бұл ақша арқылы баламның алғашқы Рождествосын ерекше етіп мерекелегім келеді. Бұл өте маңызды», – дейді Вудс.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау