Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баласының кіндігінен неке жүзігін жасатқан әйел жұрттың жағасын ұстатты

Facebook желісінде қалыңдық адамның кіндігінен жасалған неке жүзігін көрсетіп мақтанды. Желі қолданушылары мұндай әшекейді көріп, қайран қалды. 

Баласының кіндігінен неке жүзігін жасатқан әйел жұрттың жағасын ұстатты

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жүзіктің иесінің сөзінше, ол ерекше әшекейлік бұйымдарды жақсы көреді екен. Ол өз жүзігінің суретімен бөлісті. 

"Тасы омырау сүтінен, кіші ұлымның кіндігінен, екі ұлымның шашы мен аздаған алтыннан жасалған", - деп жазды ол.  

Ал желі қолданушылары мұндай жүзікті көргеннен кейін, өздерін нашар сезінгенін айтты. 

«Маған аздап салмақ тастау керек. Міне, енді ынталандыратын нәрсе табылды. Тамақ жегім келген кезде осы жүзікті есіме түсіретін боламын», «Жүрегім айнып кетті», «Мені шаш алаңдатпайды. Бұлай жасамас едім, алайда ол жай шаш қана. Ал кіндікке келер болсақ, бұл шіріп кеткен ет. Аналардың оны не үшін сақтау жүретінін түсінбеймін», - деп жазды желі қолданушылары. 

Талқылау