Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баланың табанында барлық ағзаға жауапты нүктелер бар: Ұқалай отырып ауырсынуды басуға болады

Балалар қай жері ауырып тұрғанын айта алмағандықтан тек қана жылаумен шектеледі. Мұндай жағдайда қарапайым әрі тиімді әдістер де баршылық. Дәрігерлер үй жағдайында аналардың  жылаған балаға алғашқы көмек көрсетуіне ыңғайлы нүктелерді атағалы қашан. Тек, бала ауырғанда  абдырап қалатын ата аналар жағдайды ушықтырары анық. Сол үшін  Stan.kz  аналарға сабырмен тиімді әрекет етудің жолын ұсынып отыр.

Балақай жылай бастаған кезде табанына бір тамшы массаж майын (Кез келген массажға арналған май түрі болады) жағып жіберіп, ақырын сипалаймыз. Суретте көрсетілгендей баланың табаны 6 бөлікке бөлінеді. Бұл алты бөліктің арасында өзге де нүктелер бар. Міне сол нүктелерді жаймен әрі жағымды етіп ыса отырып, баланың қай нүктені ұқалаған кезде өзін жайлы сезінгенін байқауға болады.Кей кезде бала жайсыздықты сезінгенімен дәрігерлер де тәжірибелі ата-аналар да нақты қорытынды шығара алмайды. Дәрігерге сүйремес бұрын өз балаңыздың қай жері ауырып тұрғанын біле аласыз.

Баланы ұйықтатар алдында ақырын сипасаңыз жақсы әрі тез ұйықтап кетеді. Бұл ұқалау тек сипап, жайлылық пен рақат силау үшін жасалады. Егерде батырып, саусақ пен табанға күш салатын болсаңыз баланың қан айналымы жылдам жүріп, керісінше ұйқысын ашып жіберуіңіз де мүмкін.

Ал енді табандағы нүктелердің қай бөлігі қандай ағзаға жауапты екенін біліп алыңыз:

1.Бармақтың жоғарғы жағы: Мұрын мен тамақ.

2.Бармақтың төменгі жағы: Тамақ пен тіс.

3. Асқазанның төмені мен қарынның жоғары жағы

4. Қарынның жоғарғы бөлігі

5.Іштің төменгі жағы

6. белден төменгі аймақ.

 

Талқылау