Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баланың сымбаты дұрыс қалыптасу үшін не істеу керек

Баланың сымбаты дұрыс қалыптасуы – оның денсаулығы үшін маңызды. Алайда, көп ата-аналар балаларының денсаулығына олардың бір иығы төмен, немесе бүкір болып өсе бастағанда ғана алаңдай бастайды.

55dafc594f855_55dafc594f8bf

Егер баланың омыртқасы дұрыс жетілмесе оның көз жанарының төмендеуіне, жүрек тамырлы жүйесінің бұзылуына, тыныс алуының нашарлауына әкеп соғады.

Баланың сымбаты ең әуелі мектеп кезінен қалыптаса бастайды. Оқушының үстелге не партаға жатып жазуының, тік отырмауының кесірінен оның омыртқасының қисаяды. Жазу дәптері мен оқушының ара қашықтығы 35-40 см болу керек. Кітап оқудағы ара қашықтық та осы шамада. Және кітап оқу үшін арнайы көтергіш құрал пайдаланылуы керек. Оның сол жағынан үстел шамы түсіріліп, сол уақытта төбе шамы да жанып тұруы тиіс.

Кейбір балалардың бойы партамен сәйкес келмейтіндіктен олар кисайып отырады. Бұл да баланың омыртқасының қисық жетілуіне әсер етеді. Сондықтан оқушыларға үстел, орындық таңдағанда жауапкершілікпен қарау керек.

Сондай-ақ, оқушылардың бір ияқты әрі ауыр сөмке ұстауы да дұрыс емес. Ондай жағдайда баланың бір иығы ауыр салмақтан төмен түсіп, басы екінші жағына қарай қалыптасып кетуі мүмкін. Сондықтан ең дұрысы екі иықты портфель ұстағаны абзал. Ол екі иыққы бірдей салмақ түсіріп, денені тік ұстап тұрады.

Егер сіздің балаңыз көбіне денесінің бір жақ бөлігімен жұмыс істейтін спорт түрімен, мәселен үстел теннисімен, айналысатын болса, оның омыртқа жүйесінің бұзылуы мүмкін.

Майтабан болуының әсерінен де салмақты қалыпты ұстау үшін адамға еңкейіп жүру керек болады. Осыдан бастап адамның жүрісі бұзылады. Майтабандық өлімге апаратын ауру емес. Алайда оның салдарынан аяқ тез талып, тізеге көп күш түседі.

Жұмсақ төсектен баланың омыртқа мүшесі қисаюы мүмкін. Сондықтан балаңызға көрпе таңдауда мұқият болыңыз.

Баланың сымбатының дұрыс қалыптасып, омыртқа мүшесін түзеу үшін жаттығулар мен массаждарға апарып, қалпына келтірсе болады.

Талқылау