Баланың бойы ұзын болып өсу үшін не істеу керек

Сейсенбі, 1 Қараша , 2016 11:17

«Ұқсамасаң тумағыр» деп қазақ бекер айтпаса керек-ті. Әрине, әр баланың тұқымына тартары анық, десе де, ол өз алдына. Бала бойының өсуінде өзін – өзі дамытудың алар орны ерек.

5816e6f4ebb27

Яғни, дұрыс тамақтанумен қатар спортпен айналысу.

Ол үшін «А» дәрумені бар тағамдарды көп жеген жөн. Бұл дәрумен бауырда, сүтте, жұмыртқаның сарысында, сондай ақ, сары, қызыл көкөністерде, сәбізде, қызанақта, асқабақта болады. бой өсіруге арналған дәруменге бай балықты да жиі жеп тұруды ұмытпау керек. Сүйектің қатаюын қамтамасыз етіп, бойдың өсуіне ықпалын тигізер кальцийдің пайдасы мол. Ол қызылша, бұршақ қосылған тамақтарда, сүтте болады. Баланы кішкентайынан дұрыс тамақтандыра білген дұрыс. Бұл үрдісті ананың құрсағында жатқанда да қолданған артық етпейді. Ана тұтынған азық- түлігінің алар орны зор деседі ғалымдар. Исландия, Дания және Америка ғалымдары ана жатырындағы тұқымның түзілуіне әсер ететін әртүрлі тағамдарға зерттеу жүргізеді де, сүттің  ерекшелігін анықтайды. Бұл тағамды тұрақты түрде пайдаланған ананың сәбиі сау әрі бойы ұзын болады дегенді алға тартады. Ал жүкті әйелдерге күніне 150 мл сүт ішуге кеңес береді.

Ал буынның созылып, бойдың ұзаруында спорттың пайдасы зор бой өсуінде өз септігін тигізсе керек. Сондықтан, баланың кішкентайынан спортпен айналысуын қадағалаңыз. Өйткені, қандай жағдай болмасын, 1 %  қанға тартса, 99 %  еңбекпен келетінін ұмытпағаныңыз жөн, деп жазады anabol.kz сайты.

Жіберіп алмаңыз:

Тұмаудан қорғайтын 11 тағамдық өнім

Қызылшаның денсаулыққа қандай пайдасы бар?

Ішімдік пен сұлулық. Ішімдіктің сырт келбетіңізге әсері қандай?

Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін не істеу керек

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
07.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар