Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баланы тұншықтырған қарағандылық тәрбиешіге қатысты сот үкімі шықты

Қарағандыда 14 қараша күні баланы көрпемен тұншықтырған балабақша қызметкеріне қатысты сот шешімі шықты. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

Әйел 120 сағат көлемінде түзету жұмыстарынан өтуі тиіс. Сонымен қатар, ол зардап шеккен қыздың жанұясына 200 мың теңге төлеуі керек.

2018 жылдың тамызында әлеуметтік желілерге баланы тұншықтырып жатқан тәрбиешінің видеосы таралып кеткен еді. Видеоның кадрларында әйел бір жарым жастағы баланы ұйықтатпақ болып, оны бірнеше минуттар бойы тұншықтырады. 50 жатағы әйел өз кінәсін мойындап, кешірім сұрады. Үміт Пірмаханова есімді тәрбиешінің үш баласы, немерелері бар.

Кішкентай ата-анасы әйелді қатаң жазалауды талап еткен еді. Олардың сөзінше, психолог баланы әлі күнге дейін емдеуде.

“Мүмкін қайта шағымданармыз, мүмкін жоқ. Бірақ мен бұл өте жеңіл жаза деп ойлаймын. Бізге 200 мың теңге төлеуге бұйырып, моральды қайғымызды осылай бағалады. Бұл аз деп санаймын”, — дейді қыздың анасы.

Талқылау