Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баланы шетелге алып шығуға қатысты қандай жағдайда әкенің рұқсаты талап етіледі?

Жазғы демалыс та келіп жетті. Енді көптеген ата-аналар балаларын ертіп, шет ел асып қыдырып қайтады. Ал не әкесі, не анасы ғана кететін сәттер де жиі кездеседі.

6871d6048086c1db1b0eafdc5e29b3c8

Сурет way2travel.ru

Егер ерлі-зайыптылар ажырасқан болса немесе әкесі жұмыс бабымен бара алмайтын болса анасының жалғыз жол тартуына тура келеді. Алайда анасы кейде әкенің баланы шетелге жіберуге қатысты нотариалды куәлік беретін келісімі болмағандықтан шекарадан шығармай қоя ма деп те қауіптенетіні рас. Оның үстіне, көптеген әкелер, бұрынғы әйелінің баламен бірге шетелге кетуіне рұқсат етпейді.

Бұрын шекара қызметінің бұл мәселеге қатысты ұстанымы мынадай еді:

“ҚР заңнамасына сәйкес бір ата-ананың баламен бірге шетелге уақытша кетуі кезінде екінші ата-ананың нотариалды бекітілген рұқсатын алу міндеттелмейді. Осыған байланысты ҚР ҰҚК шекара қызметінің қызметкерлері бір ғана ата-ананың екінші ата-ананың нотариалды келісімінсіз баланы ертіп уақытша шекара асуына қарсылық танытпайды”.

Бұған қатысты ҚР үкіметінің 2012 жылдың 28 наурызында шығарған “Қазақстан Республиксы аумағынан кетіп, шет мемлекетте тұрғылықты тұру үшін рәсімдейтін ережелер жиынтығы” туралы №361 қаулысы бар.

Демек, екінші ата-ананың рұқсаты тек баламен бірге тұрғылықты түрде шетелде өмір сүруге аттанған кезде ғана талап етілмек. Егер, бұрынғы күйеуі бұған рұқсат бермесе, онда бұл мәселені сот жолымен қарастыруға тура келеді.

“Өзіңізді шекара қызметкерлерінің екінші ата-ананың нотариалды келісіміне қатысты талабынан сақтандырғыңыз келсе, онда ең дұрысы ҰҚК Шекара қызметіне сұрау салу керек. Сізге толыққанды жауап келген кезде ғана, бұл сапардың дұрыс немесе бұрыс екенін заңды тұрғыдан біле аласыз. Ал ең абзалы ҰҚК шекара қызметі осы мәселеге қатысты ақпаратты әрбір шекара бекетіне, маңызды орындарға іліп қоюы керек”, – дейді заңгер Жангелді Сүлейманов.

Талқылау