Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кішкентай ғана парасатты жігіт": Димаштың бала күнгі суреті жұрттың жүрегін елжіретті

Димаш Құдайберген кішкентай кезіндегі суретін әлеуметтік желіге жүктеп, тыңдармандарының жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Димаш

Желі қолданушылары өнер иесінің балалық шағынан сыр шертетін суретін көріп, қатты қызыққаны соншалық, әншіге мадақтаулары мен пікірлерін жарыса жазды. 

"Біз сенің бала күнгі суретіңді көргеніміз үшін қуаныштымыз. Кішкентай ғана парасатты жігітке қарай отырып, ақылды, дана, жақсы адамның өскенін көріп отырмыз. Ата-анаңа қарап тамсанып, ата-әжеңнің салт-дәстүрді жақсы білетін, тәрбиелі адам ретінде өсіргенін көріп қызығамыз. Сендердің отбасыларың біз үшін үлгі", - деді бір тыңдарман.

 

Енді бірі "Тып тыныш қалада өмірге келгенде, Димаштың біз үшін кім боларын, қандай керемет азамат болып өсерін ешкім білген жоқ", - десіп, әншіге денсаулық, бақыт, шаттық, шығармашылық табыс тіледі. 

Талқылау