Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баландиннің жеңісінен кейін оның ауласы мен үйіне жөндеу жұмыстары жасала бастады (фото)

 Олимпиада чемпионы атанған Дмитрий Баландиннің Алматыдағы көршілері  қуаныштан таң қалып жатыр. Олар Дмитридің алтын жүлдесіне емес, оның жеңісінен кейін ауласында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына риза болған.

баландин5

«28 жылдан бері осы үйде тұрамын. Сол 28 жылдың ішінде осы ауланы жөндеп жүрген бір адамды көрмеппін. Енді міне жөндеу жұмыстары басталып кетті. Дмитриге рахмет. Соның арқасында ауламыз ретке келіп қалатын болды»,- деп жазды Facebook желісінде чемпионның көршісі Anna Sofia

жөндеу1

Еске салсақ, қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин тұңғыш рет су спортынан қазақстан қоржынына алтын салды. Баландин финалда брасс әдісімен жүзуде бірінші болып мәре сызығын бұзды.

жөндеу4

жөндеу2

жөндеу3

Сөзіне дәлел ретінде спортшының көршісі суреттер де жүктеген. Онда әбден тозығы жеткен ауланы  бірнеше адам сырлап, шөптен тазартып жатыр.

Талқылау