Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Аллаға шүкір, армандар орындалады": Бота Бейсенова мен Мұқасан Шахзодаевты не байланыстырады

Белгілі әнші Бота Бейсенова мен «Нұр-Мұқасан» тобының мүшесі Мұқасан Шахзодаев екеуін не байланыстыратынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Бота мен Нұрмұқасан

Шымкенттегі Педагогикалық Мәдениет Институтында бірге оқыған. Бұл жайлы Бота Бейсенова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Өнер жұлдыздары қалай танысқандарын халыққа айтып, сол бір студент шақтарын еске алды. Бір-бірі туралы сырттай естіген әншілер бірнеше жылдардан кейін сахнада қайта қауышқан.

«Мұқасанмен кезінде Шымкент Педагогикалық Мәдениет Институтында бірге оқыдық. Ол өз факультетінің жұлдызы, мен өз факультетімнің "жұлдызы" болдым. Корпусымыз бөлек. Бір-біріміз туралы сырттай естігенбіз. Бір күні Елбасының алдында ән айтуға бардық. Сол кезде қасыма келіп танысып: "Аа, Бота деген сен бе?"- деді. Мен де қарап тұрмай: "Иә, ал Мұқасан деген сен бе?"- дегенім есімде. Солай таныстық», - дейді Бота Бейсенова.

Тұрмысқа шығып, балалы болып, сахнадан алыстап кеткенін айтқан әнші, бүгінде бір сахнада жүргеніне шүкір дейді.

«Кейін жігіттер Алматыға, "Бауыржан-шоу" театрына кіріп, тамаша, танымал әншілер болып кетті. "Қыздың жолы жіңішке" емес пе, мен тұрмысқа шығып, балалы болып, біраз жылымды өткізіп алдым. Бірақ шүкір, қазір Алматыға қоныс аударып, бір саxнада жүрміз. Аллаға сансыз шүкір деймін. Ерте ме, кеш пе, армандар орындалады!» - деп жазды Бота Бейсенова.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр