Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балаларыңызды сақтаңыздар: Алматыда педофил 10 жасар қызға шабуыл жасады

Алматыда педофил 10 жастағы қызға шабуыл жасағаны туралы ақпарат әлеуметтік желіні шарлап кетті.

img_5742_1

Бұл туралы Нина Попова есімді Фейсбук қолданушысы өз парақшасында жария еткен екен.

“Педофилдер біз ойлағаннан да жақын. Бүгін таныс кішкентай қызға үлкен еркек шабуыл жасады. Таңғы 10-да”, – деп жазады ол.

Айтуынша, оқиға мектеп стадионы жақта орын алған.

“Басында ол қызды қызықтырып ертпекші болған, ал ол қарсылық танытқан кезде оның қолынан тартып, сүйрей жөнеледі. 10 жасар қыздың еркектің қолынан тістеп, иттің қарғыбауымен басынан ұруға қалай дәті жеткеніне таңым бар”, – деп жазады Попова.

Оның сөзінше, зардап шеккен қыздың ата-анасы полицияға шағым түсіруге құлықсыз көрінеді. Олар тәртіп сақшылары бәрібір кінәлі ер адамды таба алмайды деп әлден шешім шығарып қойған. Алайда желі қолданушылары қыздың отбасының бұл әрекеттеріне жаппай наразылық танытуда.

Оқи отырыңыз:

Теміртау тұрғыны жертөлесінде сақталған картопқа бола көз жұмды

Жамбыл облысында мал жұмбақ жағдайда қырылып жатыр

Астанада танымал профессордың отбасы өрттен көз жұмды

Шымкентте Иегова куәгерлері облыстық мешіттің имамын өз қатарларына шақырған

Талқылау