Балаларына асығып келе жатқан: Түркістан облысында марқұмның туыстары оның көліктен өзі секіріп кеткеніне сенбейді

Түркістан облысындағы Леңгір қаласының салық инспекторының өліміне қатысты атышулы іс екі жылдан кейін жалғасын тапты. Іс материалдарына сәйкес, Толғанай Мырзабекова әріптесімен бірге үйіне келе жатқан кезде көліктен секіріп кеткен. Ауруханада бір апта жатқан әйел сол күйі есін жимастан қайтыс болған еді, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Балаларына асығып келе жатқан: Түркістан облысында марқұмның туыстары оның көліктен өзі секіріп кеткеніне сене алмай отыр

Толғанай Мырзабекованың өліміне қатысты іс жабылса да, туыстары әйелдің өлімінен екі жыл өткеннен кейін тергеудің қалпына келтірілуіне қол жеткізді.

Марқұмның туыстары оның өзіне қол жұмсағанына сене алмайды. Оның өз жоспарлары болған, ал сол күні үйдегі балаларына асығып келе жатқан еді, дейді туыстары.

«Балалары үнемі жылап: «Мама, келші», – дейді. Олардың қиналып жүргенін көріп өзім жылап аламын. Анасы қайтыс болған кезде кенжесі бір жаста ғана болды. Оны емізіп жүрген еді. Оларға болған жайды қалай түсіндіресің? Ендігі ек баласы өз тәтесін «мама» деп жүр. Оған (ред. Саят Мықтыбайұлы) 20 жыл берсе де аздық етеді. Ал олар оны жазықсыз етіп шығармақшы», – дейді марқұмның анасы Алтынкүл Серханова.

Олар Толғанайдың өліміне бұрынғы әріптесі Саят Мықтыбайұылының қатысы барына сенімді.

Туыстарының айтуынша, Толғанай мен әріптесі Саят бұрын көңіл қосқан екен. Олар кездесе бастаған кезде, Толғанай күйеуінен кетіп қалып, жаңа сүйіктісінен сәбилі болған. Алайда біраз уақыттан кейін әйел өз әрекетіне өкініп, баласын алып, отбасына қайтып оралған.

Өз сөзінде туыстары Саят Мықтыбайұлының бұл жайтқа қатты ашуланғанын айтты. Ол өзінен кетіп қалған сүйіктісін бірнеше рет ұрып-соққан. Өз кезегінде Толғанай полицияға шағым түсіргенімен, нәтиже болмапты.

Ендігі марқұмның туыстары Толғанайдың бұрынғы сүйіктісі сот пен қала полициясына ақша беріп, өз сөзін сөйлетіп, ақтап алғызғанына сенімді болып отыр.

«Олар тағы да сотты өз жағына шығарып отыр. Ол Толғанайдың көліктен өзі секіріп кеткенін айтты. Егер өзі ұрып-соғып, өзі өлтірмеген болса, неліктен бірден жедел жәрдем шақырмай, ауруханаға өз көлігімен алып барды?» – дейді марқұмның әпкесі Гүлзинат Ысқақова.

Марқұмның туыстары оның көліктен өзі секіріп кеткеніне сенгісі келмейді. Сондықтан ашуға берілген Саят Мықтыбекұлы оны көліктен өзі итеріп жібергенін дәлелдемек. Алайда әзірге сот жас жігітті жақтап отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
16.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар