Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балаларын терезеден лақтырған алматылық әйел жүйке ауруынан емеделетін болды

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты көпқабатты үйдің бесінші қабатынан балаларын лақтырып жіберген Ж.Құлмамыроваға қатысты қылмыстық істі қарады.

sud_court_260815

Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Еске сала кетейік, Ж.Құлмамырова осы жылғы 5 қыркүйекте есінен айырылған жағдайда жалдап отырған бесінші қабаттағы пәтерінің балконынан өзінің кішкентай балаларын лақтырып жіберген. Кіші қызы ауыр дене жарақатын алып, тірі қалды. Үлкен қызы құлаған жерінде жан тапсырды. Бұдан кейін Ж.Құлмамырованың өзі де терезеден секірді, бірақ  тірі қалған еді.

Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 3-бөлімі 24-бабында, 2-ші бөлімінің 99-бабындағы 3-ші, 5-ші және 14-ші тармақтарында (екі және одан да көп кәмелетке толмаған адамдарды көрінеу қасақана өлтіруге оқталу), 2-бөлімінің 99-бабының 1-ші, 3-ші, 14-ші тармақтарында (көрінеу дәрменсіз жағдайдағы  екі және одан да көп адамдарды және көрінеу кәмелекетке толмағандарды қасақана өлтіру) көзделген қылмыстар жасауға айыпталып, сот алдында  жауап берді.

Сот алдындағы тергеу барысында сот-психологиялық сараптама өткізілді, ол Ж.Құлмамырова қылмыс жасаған сәтте жүйкесі жұқарып, есуастық жағдайға түскені туралы қорытынды берді.

Сот қаулысымен Ж.Құлмамырова қатаң бақылаумен жүйке аурулары стационарына мәжбүрлі түрде емделуге жіберілді.

Талқылау