Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балалары анасымен бірге Мәскеуге бару үшін Ыстықкөлді жүзіп өтті (видео)

Қырғызстанда екі жеткіншек Ыстықкөлден сегіз сағатта жүзіп өтті.

Бұл туралы анасы Әсел Тұрдалиева желідегі парақшасында жазды.

«Менің балаларым 16 шақырымды 8 сағат 27 минутта жүзіп өтті. Зинаида 15 жаста, Азрет 14 жасқа толады», – деп жазады анасы.

Балалардың әкесі Эркін Асрандиевтің айтуынша, балалары Қара-Талаа ауылынан бастап, Торыайғыр ауылына дейін жүзген. Олар екі жыл бұрын суда жүзіп үйреніпті, деп жазады Sputnik Кыргызстан.

«Олар тұрақты дайындалған жоқ. Соңғы үш айда бапкерге барып жүрді. Ұлым боксты, қызым тау шаңғысын, фитнесті жақсы көреді. Әйелім Мәскеуге баратын болды. Балаларым да бірге барғысы келді. Анасы егер Ыстықкөлді жүзіп өтсеңдер, менімен барасыңдар деп шарт қойған. Олар бұған келісіп, айтқанындай көлді жүзіп өтті», – дейді әкесі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау