Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Алладан сұрайық": Сәкен Майғазиев қазақстандықтарды қанағатшыл болуға шақырды

Сәкен Майғазиевтің соғыс ошағында жүрген бала мен бейбіт күннің баласын салыстырған суреті желі қолданушыларының жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Ойын

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында балалардың екі түрлі жағдайда өмір сүріп жатқанын, бірі қарумен ойнаса, енді бірі ойыншықпен ойнап отырған суретін жүктеп, жүрегіндегі сөзін жазған.

«Айтпаса да түсінікті», - дейді Сәкен Мағазиев.

«Аллаға шүкір осы тыныш күнімізге. Адамдарға не керек түсінбедім», «Осы Ораза айында жан-тәнімізбен, адал ниетімізбен Алладан сұрайық, халайық, қазақтың көк туы шынайы желбіреуін, халқы бақытты, басшысы адал болуын!», «Ия, тыныш өмірде өмір сүріп жатырмыз. Балаларымыздың болашағына балта шаппайық», - десті жұрт.

Дегенмен, әншінің бұл жазбасын жағымпаздық деп түсінгендер де болды.

«Сәкен аға мынауыңыз үкіметке жағымпаздық па? Ең бастысы соғыс жоқ дегіңіз келіп тұрған сияқты, неге Сириямен салыстырасыз? Неге Араб елдерімен (ОАЭ, Сауд Арабия, Катар) салыстырмайсыз? Сіздерді халық асырап отыр ғой, әншілер құтырып кеткен негізі жанды дауыспен айтпай халықты ақымақ қылып жүр», - дейді олар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр