Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Балаларымыздың біреуіне алып берсек деп": Гүлзира Айдарбекова қыз ұзататын болды (видео)

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова қыз ұзататын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі желідегі парақшасына тойда қыз ұзатып жатқан бейнежазбасын жүктеп, жұртты таңқалдырды. Ұлына алып берейін деп жүрген қызды өз қолымен ұзатқан Гүлзира Айдарбекова аз да болса өкінішін білдіріп, жақсы келін нәсіп етсін деген тілек білдірген. 

"Бүгін Жетісай қаласында, Гүлназ қызымызды ұзатып жатқанмын. Балаларымыздың біреуіне алып берсек деп қызыға да, қызғана да қарап жүрген қызымыз. Алланың қалауымен Руслан есімді жігітке бұйырды. Балаларымыздың қалауы білсін деп, бақытын тілейміз ғой. Гүлназдай қызды Заңғарымызға бұйыртсын енді", - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Айдарбекованың қыз ұзатқанын көрген жұрт таңданыстарын жасырмады. Бірі өнер иесінің бұл қылығын қолдаса, енді бірі теріс пікірлерін жазып жатты.

"Сізді сыйлаушы едім, ең болмаса өзгенің нанын жемесеңізші", "Барлығыңыз осындай кәсіпке көшкенсіздер ме?", "Сіздей ене бұйыртсын", "Қыз ұзатқан сізге жарасады екен", - деп жазды жұрт.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр