Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баланың қайда жүргенін және оның әрекетін бақылайтын арнайы бағдарламалар

Соңғы уақытта елімізде жасөспірімдердің желі арқылы қауіпті ойындарға қатысып немесе өзіне зиян келтіретін парақшаларға жиі кіріп отыратыны көбейіп кетті. Мектеп оқушыларының қауіпсіздігін арттыру мақсатында білім беру басқармасы көп жұмыстар атқарып жүр.

Алайда, жасөспірімдердің күнделікті өмірін мектепте бақылап отыра алмайсың. Қарағанды өңірінде орын алған оқиғаға қарсы білім беру басшылығы ата-аналармен бірге жұмыс жүргізуді қолға алды.

Олар ата-аналарға балаларының немен айналысып жүргеніне қатты көңіл бөлуді тапсырды. Тіпті, ұялы телефонымен қандай парақшааларға кіргенін, кіммен не туралы сөйлескенін, қандай сурет жариялағанын бәрін қадағаласын деді. Ата-ана балаларының қауіпсіздігі үшін олардың ұялы телефонын тексеріп тұруға міндетті. Сондай-ақ, мектеп оқушыларының сабақтан тыс уақытта қайда жүргенін, қайда барғанын қадағалау керек. Заманауи техникалардың дамуына байланысты, ұялы телефонға жүктелетін қосымша бағдарламалар бар.

Бұл туралы  Stan.kz  балалардың әрекетін бақылауға арналған, бағдарламалар туралы анықтап білді.

Sygic Family бағдарламасы. Бұл бағдарлама сіздің балаңыздың нақты орналасқан жерін, сондай-ақ смартфондардағы аккумулятордың қуат деңгейін бақылай алады. Балаңыздан хабарлама алғаннан кейін қауіпсіз аймақтарды орнатуға болады. Тіпті, бақылаудағы адам жаттығу залына немесе туысыңыздың үйіне баратын болса да, сол туралы ақпарат келеді. Бала тиісті жеріне жеткен соң, сізге оның сол жерге жеткені туралы бірден хабар келеді.

Sygic Family-де отбасы мүшелерінің  арасында желі арқылы тегін хабарлар жіберуге мүмкіндік бар. Сондай-ақ бұл жүйеде арнайы SOS түймесі бар. Балаңыз осы түймені басқан кезде, сізге бірден оның қай жерде тұрғаны туралы ақпарат келеді.

Life360 бағдарламасы да осыған дейінгі жүйе сияқты. Мұнда GPS пайдаланатын отбасы мүшелері тиісті аймақтан шығып кеткен жағдайда дабыл соғып, хабарландыру келеді. Сондай-ақ, төтенше жағдайға ұрынған кезде көмек алуға болатын жақын жер туралы тез білуге болады. Мысалы, ауруханалар, полиция учаскелері.

Life360-да сондай-ақ, мәтіндік хабарлардың орнын ауыстыратын FamilyChannel  деген тегін топ бар. Құрастырушылардың айтуынша, бұл қарапайым телефондармен жұмыс істейтін жалғыз іздестіру бағдарламасы. Ол тіпті смартфоны жоқ отбасы  мүшелерінің орналасқан жерін қадағалауға мүмкіндік береді. Дегенмен, бұл функция барлық елдерде жұмыс істемейді.

Сіздің балаңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тағы бір керемет қосымша ол MamaBear. Мұнда сіздің балаңыздың қайда тұрғанын біліп, бақылайтын қажетті барлық функциялар бар. Оған қоса MamaBear қосымшасы балаңыздың желідегі мінез-құлқын бақылай алады. Бұл қосымшаның артықшылығы, бақылаудағы адамның Facebook-тағы жаңа достарының пайда болғаны туралы да ақпарат береді. Сондай-ақ, балаңыз желіде біреуді балағаттаса немесе оған әлдебіреулер қоқаң лоққы көрсететін болса, сол туралы сіз де уақытында біліп отырасыз. Онда тіпті, балаңызбен суретке түсіп, оны желіге кімнің салғаны туралы да хабар келеді.

Қосымшаның тағы бір ерекшелігі, онда бақыланушының қандай жылдамдықпен келе жатқаны көрсетіліп тұрады. Мысалы, бала автокөлікпен келе жатса, сол туралы ақпарат келеді.

Google Latitude бағдарламасы. Google лoкатор мекен-жайды анықтаудың тамаша құралы. Ол картада балаңыздың қай жерде тұрғанын  көрсетеді. Оны пайдалану үшін Google локатор  жүйесіне кіріп,  отбасы мүшелерін Gmail контактілері арқылы қосуыңыз керек. Олар сіздің ұсынысыңызды қабылдағаннан кейін, оның орналасқан жері Google Map картасында көрсетіліп тұрады. Локатор бағдарламасымен сіз картада қосымша адамдарды көріп қана қоймай, олармен SMS, Google Talk, Gmail арқылы сөйлесе аласыз.

MobileKids.Бұл бағдарлама осы шолуда қаралғандардың ең қатаң бақылауын орындайды. Мұнда баланың ұялы телефонды қалай пайдаланғанын бақылай аласыз. Балаларыңыз жаңа контактілерді қосқанда немесе жаңа бағдарлама орнатқан кезде, тіпті түнде нешеге дейін телефон қолданғаны туралы ескертулер аласыз.

Сонымен қатар, ата-аналар баланың смартфонды қалай пайдаланғаны туралы толық статистика ала алады. Сондай-ақ, олар белгілі бір лимит орнатып, желіге шығуын шектеуге мүмкіндігі бар. Бағдарламада осы уақытқа дейін жіберілген хабарлардың саны, берілген деректердің көлемі көрсетіледі.

Жіберіп алмаңыз:

Олимпиада ойынын көруге барған қазақстандықтар не себепті Сеулге кіре алмай жатыр 

Тойда фонограммамен ән айтып тұрған азамат мәтінді қосылып айтудың орнына жұлқына билеп кетті (фото) 

Павлодарлық жас кәсіпкер ақылды үстел ойлап тапты 

Қытаймен шекарадағы «Қорғас» кедені уақытша жабылды 

 

Талқылау