Балаларды ұйықтатқым келді: Астанадағы балабақшада тәрбиеші бүлдіршінді ұрып, құлағынан жұлқылаған

Астанадағы балабақшада тәрбиешілердің бірінің бүлдіршіндерді оңды-солды ұрып жүргені бақылау камерасына түсіп қалған. Мұны байқаған ата-аналар балабақшада шу шығарды. Өз кезегінде балабақша басшылығы балаларға қол көтерген тәрбиешіні жұмыстан қуыпты. Десе де ата-аналар балаларын ол мекемеге апарудан қорқып қалған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Балаларды ұйықтатқым келді: Астанадағы балабақшада тәрбиеші бүлдіршінді ұрып, құлағынан жұлқылаған

Төбеде тұрған бақылау камерасынан шімірікпеген тәрбиеші түскі астан кейін ұйықтап жатқан балақайлардың бірін жолай ұрып, екіншісін түрткілеп, шапалақтың көмегімен қатаң тәртіп орнатуда.

Астаналық Кәмила Серғалиеваның сөзінше, тәрбиеші ұлы Нәбиге қол жұмсаған. Тілі енді ғана шыққан 3 жасар бүлдіршін тәрбиешіден қалай таяқ жегенін ымдап қана көрсетеді екен.

«Сағат түскі 12 жарым кезінде баламды үйге алып кетейін деп бардым. Өйткені тәрбиешіміз еңбек демалысына шығып кеткен. Жаңа тәрбиешіні жатырқап жүрер деп ойладым. Балабақшаға барсам, ұлым жылай береді. Үйге келгеннен кейін қалай ұрғанын, құлағынан жұлқылағанын сұрап білдім», – дейді Камила Серғалиева.

 

Публикация от @kamilla_stg

Ал басы дауға қалған тәрбиеші Жадыра Ермекбаева былтырғы жылдың желтоқсан айында балабақшаға тәрбиешінің көмекшісі болып қабылданған. Биылғы жылдың шілде айында тәрбиеші болып жұмыс істей бастапты.

Десе де қазіргі уақытта қан қысымы көтеріліп үйінде жатқан тәрбиеші өз кінәсін мойындамай отыр.

«Мен тек балаларды ұйықтатқым келді. Ол бәрін ойдан шығарып отыр. Менің балаларды ұрғанымды айтуда. Ол жерде нақты ештеңе көрінбейді. Барлық мәселені сот шешетін болады. Мен ауырып жатырмын. Қан қысымым көтеріліп, өзімді нашар сезініп тұрмын», – дейді тәрбиеші Жадыра Ермекбаева.

Ал №84 балабақша басшылығының сөзінше, аталған мекеме жұмысын бастағалы бері ата-аналардан ешқандай шағым түспеген.

«Ол тәрбиешінің көмекшісі болып жүрген кезде оның үстінен ешқандай ата-аналардан балаға дауыс көтерді, ұрды деген сияқты шағым болған емес. Барлық құжаттары бойынша оны қабылдадық. Барлық арнайы емханадан психикалық, физикалық жағдайы туралы барлық құжаты бар», – дейді №84 «Кәусар» балабақшасының меңгерушісі Динара Базарбай.

Десе де балабақша басшылығы Жадыра Ермекбаеваны жұмыстан шығарып,

оны жұмысқа қабылдаған балабақша әдіскеріне қатаң сөгіс жарияланды. Ал қалалық білім басқармасы меңгерушіге ескерту жасапты.

Өз кезегінде 3 жасар Нәбидің анасы полицияға шағымданып, тәрбиешінің үстінен арыз жазған.

Қазіргі уақытта полиция тергеу амалын жүргізіп жатыр. Ендігі бұл істің ақ-қарасы сотта белгілі болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар