Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балаларды ұруға болмайтынын білмейсіз бе: Қайрат Нұртастың ұлы анасын ұялтып тастады (видео)

Қайрат Нұртас пен жұбайы балаларының тәрбиесіне, жан-жақты дамуына аса мән береді. Алайда кенже ұлы Хан жасы кіші болса да, көңілі  қаламаған дүниемен айналыспайды екен. Тіпті, спорт үйірмесіне бермек болған анасын ұялтып тастаған, деп жазады Stan.kz.

Балаларды ұруға болмайтынын білмейсіз бе: Қайрат Нұртастың ұлы анасын ұялтып тастады (видео)

Бұл туралы Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

«Негізі каратэ, дзюдо деген спорт түрлеріне берген едік, бірақ екінші рет бармай қойды. «Анашым, сен балаларды ұруға болмайтынын білмейсіз бе?» – деп өзімді ыңғайсыз жағдайға қалдырған. Спортқа 4 жасқа толған кезде жай түсіндіріп, береміз деп шештік. Әзірше, өзіне ұнаған жерге бара тұрсын», – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Сондай-ақ, ол балаларына нанның оңай жолмен келмейтінін барынша түсіндіруге тырысатын көрінеді. Сондықтан балаларын жан-жақты етіп өсіруге тырысуда.

«Әртүрлі мамандықтармен таныстырғанды жөн көремін, себебі бала оңай жерде нан жоқ екенін білгені абзал. Әр мамандықтың талабы мен қиындығы барын, артында үлкен еңбек тұрғанын түсінеді, сол сабаққа қатысып көзі ашылады. Кейін уақыт өте келе өзінің көңіліне жақын істі таңдап айналыса алады», – деп жазды Қайрат Нұртастың жұбайы.

 

Ал желі қолданушылары жұлдызды жұптың бала тәрбиесіндегі ұстанымдарына тәнті болды.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау