Балаларды интернетке жолатпау туралы депутаттардың ұсынысын сарапшылар ақылға қонымсыз деп атады

Сәрсенбі, 1 Маусым , 2016 22:32

Елімізде 16 жасқа толмаған балалардың интернетке кіруіне заңмен тыйым салынуы мүмкін. Бүгін осындай бастама көтерген депутаттар бірде-бір жеткіншек ата-анасының рұқсатынсыз ғаламтордан жеке парақша ашпауы тиіс деп отыр. Бұл жайлы КТК арнасы хабарлады.

дети-в-интернете

Сурет prizyv.ru

Өйткені интернетте суицидті ашық жазатын сайттар мен жат ағымды насихаттаушылар көбейген. Баланың болашағына алаңдаудан туған бастама жайында Жәудір Оразхан әңгімелейді.

1-ші маусым болғандықтан шығар, депутаттар бүгін балалардың өміріне қатты алаңдады. Әсіресе, күні-түні интернеттен бас көтермейтін жеткіншектер халық қалаулыларын шошытып отыр. Бұған қаралы статистика себеп. Өйткені Қазақстан өзіне-өзі қол салған балалардың саны бойынша әлемде үшінші орыннан түспей келеді.

“Жастар көбіне әлеуметтік желілердегі суицид туралы ақпараттарды оқып алып, өзіне қол жұмсайды. Мәселен, былтыр интернеттегі өлімді насихаттайтын парақшаларға 2 мыңға жуық жасөспірім тіркеліпті. Бұл өте қорқынышты”, – деді депутат Кеңес Абсатиров.

Балалардың болашағына алаңдаған депутаттар заңға дереу өзгеріс енгізіп, интернетке шектеу қоюды ұсынып отыр. Егер ұсыныс қолдау тапса, 16 жасқа толмағандар ғаламторға тек ата-анасының рұқсатымен кіруі тиіс.

9 жастағы Нұрай күніне екі сағат интернет қарайды екен. 3-сыныптың оқушысы көбіне мектептегі достарымен сөйлеседі және түрлі видеолар көреді. Анасы Нұрайды күнде қадағалауға тырысатынын айтады. Бірақ қызының әр қадамын аңдып отыру мүмкін еместігін де мойындап отыр.

“Балалар қазір ақылды. Өздерінің не істегендерін өшіріп отырады артынан. Ата-анасына көрсеткісі келмейді. Өткенде ата-аналар:” біздің балалар күмәнді парақшаларда отыр” деген ақпарат келді. “От Феясы” деген парақша. Кішкентай балаларға ақыл-кеңес ретінде берілген. Бәрі жарықты сөндіргенде, сен жай ғана бар, плитаны жақ. Таңертең тұрғанда сен “от Феясы” боласың деп айтылған”, – деді Астана қаласының тұрғыны Қарлығаш Бөргекова.

Бұдан бөлек, ұл-қыздың жүйке-жүйесін бұзатын видеоны айтпағанда, жат ағымды насихаттаушылар да көп.

“Желідегі видеолардың арбауына әсіресе қиындықпен күресе алмайтын, ата-анасы көңіл бөлмейтін, жоқ-жітік шаңырақтан шыққан балалар тез түсіп қалады. Олар интернеттен қолдау іздейді. Сондықтан үлкендер үнемі бақылап отыру керек”, – дейді психолог Елена Лосева.

Алайда жұмыстан қолы босамайтын ата-ананың күні-түні баласына бас-көз болуға шамасы жоқ. Сондықтан қазір әріп танитын әр баланың әлеуметтік желіде жеке парақшасы бар. Десек те,психологтар ұл-қызды ғаламторға мүлдем жолатпау мүмкін емес дейді. Ол үшін алдымен оқушылардың интернетке қосылған ұялы телефон ұстауына заңмен тыйым салу қажет екен.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар