Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балалар жыламасыншы": Айнұр Тұрсынбаева бір түйір нанның қадірін білуге шақырды

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева бір түйір нанның қадірін білуге шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тыныштықтың адам өмірі үшін қаншалықты маңызды екенін айтқан ақын ашуға берілер алдында балалардың болашағын ойлауға шақырды. Періштелердің пәк көңілін кірлетіп алмайық дейді ол. Осылайша Айнұр Тұрсынбаева елге пана сұрады.

"Өзімізден бұрын балаларды ойлайықшы. Сәбилер жыламасын. Бір түйір нанды уайымсыз тыныш отырып жегенге не жетсін! Уа Рабби, еліме пана бол!" - деп жазды ол.

Жұрт ақынның жазбасына бей-жай қарамады. Бәрі жарыса пікір жазып, ойларын еркін білдірді. Айнұр Тұрсынбаеваның сөзі біреуге жақса, енді бірі ақынды сынап тастаған.

"Енді әншілер, әртістер халықты сабырға тыныштыққа шақырады. Бәрі сценарий бойынша", "Балаларымыздың құлап, жылағаны ешнәрсе емес. Ертеңгі күні өскен соң қара қытайға немесе орыстарға құл болып көзінен жас емес қаны ағып жылаған кезде қалай жұбатар екенбіз", "Дұрыс айтасыз, барымызға шүкір етейік", "Балалардың болашағы не болмақ", - деп жазды желідегі жұрт.

Талқылау