Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балалар ата-ана алдындағы парызын өтеуге міндетті ме?

Неге ата-аналар балаларынан бірнәрсе талап етеді? Олардың қандай құқықтары бар? Ал балалар мұндайда неге өздерін кінәлі сезінеді? Әділетсіздік пен қателікті көріп тұрсыз ба? Кім кімге беруі тиіс? Бала қарызын қайтаруға міндетті ме? Осы секілді сұрақтардың жауабын білгіңіз келсе, төмендегі мақаланы оқыңыз.

393b5a97435dd261c46ebf88d75d434d

Бұл сұрақ көпті мазалап жүргені анық. Осы туралы менен жиі сұрайды. Ал мен кеңес айтудан бұрын, бұл сұрақтың жауабына өзім зәрумін. Ата-анамызды өзгерте алмаймыз. Дәл қазір ең бастысы – оларға ұқсамау. Осы проблеманы кеңінен қарастырып көрейікші.

Қарым-қатынаста ешкім ешкімге ешнәрсе міндетті емес. Керісінше болған жағдайда арадағы тепе-теңдік бұзылған деп ойлай берсеңіз болады. Яғни екі адамның біреусі ғана беріп, екіншісі тек алып отырған. Осылайша екіншісінің қарызы көбейіп, біріншісі өзін алданып қалғандай сезінеді. Бұл өмірде әр нәрсенің астарлы мақсаты болады. Тіпті, бала мен ата-ананың қарым-қатынасында.

Ата-аналар балаларына «Қартайған шағымда бір стақан суымды әкеліп берер» деген оймен қамқорлық танытады. «Балаларымыз өмір бойы бізді тыңдап өтеді» деген ойларының бар екені де жасырын емес. Бұдан өзге олар балаларынан қаржылай көмек күтеді.

Ата-аналар, расымен де, балалары үшін көп уақытын, күш-жігері мен денсаулығын сарп етеді. Ұзақ уақыт бойы. Тіпті, балалары үшін өздерінің қалауларын шетке ысырады. Жоқ дегенде балалары үшін ұйқысыз түндер өткізеді. Кім айтты ата-ана болу оңай деп? Уақыт өте келе бала ата-анасының қандай көмек күтіп жүргені туралы ести бастайды. Осы тұста әділетсіздік туралы неге ойлаймыз? Бала, расымен де, ата-анасына қарыз ба? Ата-аналар мұндайда уайымдайды. Себебі, олар балалары үшін өздерін құрбандыққа шалды. 20 жыл бойы өздерін қинап келіп, енді осы әрекеттері үшін марапат аламыз деп ойлайды. Олар көп нәрсе берді. Бірақ қайтарымына ешнәрсе алмады. Сонда әділеттілік қайда кетті?

Жоқ! Бұл өмір әрдайым әділетті. Балалар да ата-анасына көп нәрсе береді. Дәлірек айтсақ, жаратушы нығметін осы балалар арқылы жеткізеді. Оның қаншалықты құнды екенін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Олардың ыстық құшағы, сезімдері туралы айтқаны, күлкілі сөздері, алғашқы қадамдары, билері мен әндері. Жай ғана ұйқыдағы кездері ерекше бақыт сыйлайды. Алғашқы бес жылда ол үлкендерді өзіне тартып, қуаныш сыйлайды. Өсе келе де бұл қуаныш сыйлау үрдісі өз жалғасын табады. Өкінішке орай, оны көп ата-ана байқай бермейді. Ал жоғарыда айтылғандардың барлығын ақшаға сатып алу мүмкін емес.

Бірақ осы қызықты сәттердің барлығы назардан тыс қалып қалмауы үшін ата-аналар балаларының қасында болуы тиіс. Мұнымен қатар, осы қуанышты сәттер арқылы күш-қуат алудың да маңызы зор. Бақыт біздің жүрегімізде. Осының өзі үлкен жетістік.

Олай болса, неге ата-аналар олардан бірнәрсе талап етіп отырады? Себебі, олар жоғарыдағы қуаныштардың куәсі болмады. Мұның барлығын көру бақыты сәбидің ата-әжесіне, күтушісіне бұйырды. Ата-аналар түнде балаларының қасында болу үшін әрекеттенген жоқ. Жұмыс істеп, өздерін жетілдірді. «Бала ешқайда қашып кетпейді. Ал жұмысты кейінге қалдыра алмайсың. Оған оны кімнің бағып жатқаны маңызды емес» деп ойлады. Сәби мен ата-ананың қарым-қатынасының қандай болуы керектігін әдетте жетік түсіне бермейміз. Бар күш-жігерімізді кеңседегі жұмыстарға жұмсаймыз.

Үйде отыратын аналар да бұл қуанышты сәттерді тамашаламаулары мүмкін. Оның орнына үй жинап, тамақ жасап, дүкенге баруға асығады. Қасында жатып түсініксіз тілде сөйлескісі келмейді. Сәбидің көзіне қарап өмірдің қым-қуат тіршілігін ұмытуға деген құштарлықтары да жоқ. Көп жағдайда үйде отыратын аналар балаларының өзіне қарыз екенін жиі айтып отырады. Себебі, олар балаларым үшін өзімнің мансабымды құрбан еттім деп ойлайды.

Осылайша бала күтушісі бақытқа кенеліп жатқанда, сәбидің ата-анасы үйдің ипотекасы мен күтушінің ақшасын табу үшін жүгіріп жүреді. Кей жағдайда бала қараусыз қалады. Ол сыйлаған бақытты сезінетін ешкім болмайды. Уақыт өте келе өзін керексіз сезінеді. Ал 20 жыл бойы жұмыс істеген ата-анасы осы “жалақысын” бір күнде қайтарып алғысы келеді. Осы жалақыны балаларынан талап етеді. Олар бере алмаған жағдайда, өздерін алданып қалғандай сезінеді.

Бірақ ата-аналардың күн сайын сәбилері сыйлаған «жалақысын» алмағаны үшін кім кінәлі? Өмірде барлығының өткінші екенін, балаларымыздың балалық шағы қайталанбайтынын түсінбегенімізге кім кінәлі? Мансапты баламыздан артық көрген өзіміз емес пе? Ересек балалардан қарыз күткен өте ауыр. Олар ешуақытта ата-анасының қалауын толық орындай алмайды. Себебі, олар сізге тиесілі «жалақыны» әлдеқашан берген. Балаларыңыздың сізден үйренгенін немерелеріңізге үйреткені – үлкен бақыт. Балаларыңызды қинау арқылы, немерелеріңізді де қинайсыз. Осыны ұмытпаңыз.

«Кешір, анашым. Қазір мен саған көмектесе алмаймын. Саған берілуі керек нәрсені мен балаларыма бермекпін. Ал саған шексіз алғыс айтып, құрметтеп өтемін. Қажет кезде қамқорлық танытамын. Болды. Бұдан артық көмектесе алмаймын. Тіпті қатты қаласам да».

Бұл ересек баланың ата-анасына айта алатын саналы сөздері. Әрине, балалары өздерінің болашақтарын құрбан етіп, жиған-тергендерін ата-аналарына берулеріне болады. Алайда бұдан екі тараптың да жеңбейтіні анық.

Біз ата-анамызға қарыз емеспіз. Біз бар қамқорлығымызды балаларымызға бағыттауымыз керек. Міне біздің парызымыз. Әулеттің бар күшін келешек ұрпаққа бағыттау. Осы секілді біздің балаларымыз да бізге ешнәрсе қарыз емес. Бірақ, бұл өмірге біз ата-анамыз арқылы келдік. Сол себепті оларды құрметтеуге, алғыс айтуға міндеттіміз. Мұнымен қатар, олардың өміріндегі соңғы тағаттарында қасында болуымыз керек. Осы сәтте ғана ата-анамыз үшін жауапкершілікті алуымыз керек. Бұл – парыз емес, тек адамгершілігімізді танытқанымыз. Қартайған шағыңызда балаларыңызды кінәламау үшін бүгінгі әрбір күніңізді бағалаңыз. Олармен бірге би билеп, ән салып, көңіл көтеріңіз. Ешкім түсінбейтін тілде әңгіме айтыңыз.

Авторы: Ольга Валяева


Жіберіп алмаңыз:

Өміріңізді түбегейлі өзгертетін 10 ереже

Психолог: Адам белгілі бір мақсатқа жету үшін ауырады

Не себепті қанды атауы жоқ саусақтан алады?

Босану кезінде ана мен баланың өміріне қауіп төндіретін уақыт анықталды

Талқылау