Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балалар үйіне тапсырылуы мүмкін: Алматылық ерлі-зайыпты Түркияда дүниеге келген сәбиін қайтара алмай жүр

Ата-анасы Түркияда демалып жатқан кезде мерзімінен бұрын дүниеге келген Полина Васильева есімді нәресте әлі күнге дейін шетелдік клиникада жатыр. Оның ата-анасы Дарья мен Иван Васильевтер Алматыға қайтып оралған. Қазір олар түркиялық дәрігерлерден қыздарын «сатып алу» үшін қаржы жинап жатыр.

Алматылық ерлі-зайыпты Түркияда дүниеге келген сәбиін қайтара алмай жүр

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ата-анасы бүгінге дейін 120 мың теңгені ғана жинап үлгерген. Ал түркиялық клиниканың қызметі үшін төленуі тиіс ақы 20 мың доллардан (1 млн теңгеден аса) асып кеткен.

Ата-анасының сөзінше, дәрігерлер олармен байланысқа шықпай отыр. Сыртқы істер министрлігінің жауабынан кейін олар нәрестенің жағдайы нашар деп ұйғарған. Ал оны елге жеткізу үшін санавиация керек.

Полинаның әкесі Иван Васильев Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен Анталиядағы елшілік ешқандай қолдау көрсетпей жатқанын айтып шағымданды. Ендігі олардің қызымызды қайтарып аламыз деген үміті үзіле бастаған.

«Егер тағы да үмітіміз ақталмаса, әйелім есінен адасады. Біз бұл сұмдықты ұмытқымыз келеді. СІМ-де бізге: «Жылдам әрекет етіңдер», – деді. Егер біздің мұншама ақшамыз боламыз, қалай жылдам әрекет етеміз?» – дейді Полинаның әкесі Иван Васильев.

Ал бұл уақытта түркиялық дәрігерлер Полинаның құжаттарын жергілікті прокуратураға жіберіп үлгерген. Түркия заңдары бойынша, 10 күннен кейін сәбиді жергілікті балалар үйіне тапсыруы тиіс. Мұндай жағдайда нәрестені тек сот арқылы қайтарып алуға болады. Ал Анталиядағы елшілік тек келіссөздерде қолдау білдіре алатынын айтып отыр.

«Біз сәбидің ата-анасының клиника басшылығымен келіссөзінде әрекеттесуге және оны Түркиядан Қазақстанға алып келу үшін тиісті құжаттарды рәсімдеуге көмектесуге дайынбыз. Баланы сапарға шығаруға болады. Ол кәдімгі палатаға ауыстырылған», – дейді ҚР СІМ баспасөз қызметінің басқарушысы Айбек Смадияров.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау