Балағаттап, қорлады: ОҚО-да өзіне қол салған полицейдің туыстары оның өліміне кімді кінәлап отыр

Оңтүстік Қазақстан облысында өзіне қол салған полиция қызметкерінің туыстары оның өліміне полиция басшылығын кінәлап отыр.

Балағаттап, қорлады: ОҚО-да өзіне қол салған полицейдің туыстары оның өліміне кімді кінәлап отыр

Бұл туралы otyrar.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Өзіне қол салған полицейдің туыстары, оқиға орнына бірінші болып жеткен полиция қызметкерлері Нариман Назаровтың ұялы телефонындағы барлық кіріс және шығыс хабарларды өшіріп тастағанын айтуда. Олардың пікірінше, полиция бастығы Нариманға жұмыстан шығасың деп, ақша бопсалап, өзіне қол жұмсауға итермелеген.

Марқұмның жақындары 25 жастағы жігіт өлер алдында бастығының телефон нөміріне «Менің өліміме сіздер кінәлісіздер» деп жазылған ақырғы хат қалдырып кеткенін айтып отыр.

«Олар оның намысына тиіп, елдің көзінше боқтап, қорлаған. Ал соңғы жиналыста: «Болды, түстен кейін сен жұмыстан боссың. Саған қатысты бұйрық шығады» деген. Ол осы күйзеліспен жиналыстан шығып, үйге келген соң өзіне қол жұмсап отыр. Тіпті, киімін ауыстырмай полиция киімімен өзіне қол салды», – деді марқұмның ағасы.

Ал полиция бөлімшесіндегілер 25 жастағы жігіт ешқандай хабарлама қалдырған жоқ дейді.

Марқұмның туыстарының айтуынша, өзіне қол салған аға лейтенант төрт ай бойы жалақы алмаған. Олардың сөзінше, ақша жігіт қайтыс болған күннен кейін ғана марқұмның есепшотына түскен.

Естеріңізге сала кетейік, 17 мамырда 25 жастағы полиция қызметкері Ордабасы ауданы, Тамерлан ауылының орталығында өзіне қол салып, өмірмен қош айтысқан болатын. Оның денесі осы уақытқа дейін тұрып жүрген жалдамалы пәтерінен табылған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар